Клиенттерге қолдау көрсету маманы
Мотор компаниясының клиенттерге қолдау көрсету қызметі (КҚҚ) – біздің жүрегіміз. Бұл жерде клиенттерден Astana Motors дилерлік орталықтары желісінің жұмысына қатысты келіп түсетін барлық ұсыныстар мен шағымдар өңделеді. КҚҚ маманы ретінде жұмыс істеу үшін басқа адамға жанашырлық танытып, сұхбаттасушының мінез-құлқына бейімделу маңызды, ішкі түйсік ояу және басқа адамдарды түсінуге дайын болу керек, басқа адамдарды мұқият тыңдап, оларға ашық болу, басқа адамдардың амандығы үшін жәрдемдесу керек.
КҚҚ маманы не істейді?
- Клиенттердің шағымдарын қабылдап, олармен жұмыс істейді
- Дилерлік орталықтардың мамандарына ақпараттық көмек береді
- Клиенттердің бейілділік деңгейін бақылау үшін жауапты болады
- Клиенттердің өтініштерінің толассыз әрі шұғыл қаралуын бақылайды және қамтамасыз етеді
- Шағымдармен жұмыс жүргізу барысында жауапты қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді
- Жүйеде шағымдар бойынша ақпараттың дұрыс тіркелуін және толтырылуын бақылайды
- Клиенттердің бейілділік деңгейі бойынша талдамалық және статистикалық есептер жүргізеді
Үміткерлерден күтетін үміттеріміз:
- Call-орталық операторы ретінде немесе басқа да ұқсас лауазымдарда жұмыс тәжірибесі кемінде 1 жыл
- Жоғары эмпатия деңгейі
- Тамаша коммуникация дағдылары
- Сауатты сөйлеу және жазу
- Іскерлік хат алмасу дағдылары
- Күйзеліске төзімділік, жауаптылық, бастамашылдық, ізгі ниеттілік, ашықтық, қайырымдылық, клиентке бейімделу, көмектесуге ұмтылу және ниеттену
- MS Excel бағдарламасын жақсы білгені және орыс тілінен қазақ тіліне жазбаша аударма жасай алғаны абзал
Біз не ұсынамыз:
- 5/2 жұмыс кестесі
- Кеңсенің орналасқан жері – Розыбакиев көшесіндегі Мега СОО
- "Медикер” медициналық орталығы желілерінде медициналық қызмет алу
- Фитнес-орталыққа абонемент алуға жеңілдіктер
- Корпоративтік оқыту
- Шай мен кофені компания ұсынады