


BMW брендінің (Bayerische Motoren Werke) тарихы 1916 жылғы авиациялық қозғалтқыштарды өндіруден бастау алады. Топтың эмблемасы авиациялық тарихын меңзеп, ұшақтың айналған пропеллері іспетті. Бірінші BMW-Dixi 3/15 маркалы автокөлік 1929 жылы Айзенахтағы зауытта шығарылды. 1970 жылдардың басында BMW 3, 5 және 6-шы сериялы тұңғыш модельдер шыға бастады. 1977 жылы 7-ші серияның шығуымен Bayerische Motoren Werke «люкс» тобында серпіліс жасады. 1999 жыл BMW X5 автокөлігі шығып, әлемдегі алғашқы SAV - «Белсенді демалысқа арналған спорттық автокөлік» атанған болатын.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы BMW және MINI ресми импортері ретінде Қазақстандағы дилерлік желісін дамыту бойынша жоспар қалыптасқан. Сонымен қатар, қызмет көрсету және қосалқы бөлшектер көтерме сату тұрғысынан серіктестерімізге арнайы бағдарламалар әзірленген.
Байланыс үшін:
E-mail: clientservice@bavaria.kz
Тел.: +7 (727) 333 19 04