Subaru Kazakhstan_desktop Subaru Kazakhstan_tablet Subaru Kazakhstan_mobile

Subaru Kazakhstan

Алматы қ., Мирас шағын ауданы, 2Б info@subaru.kz
www.subaru.kz
1992
1992 жылдан бастап жапон автоөнеркәсіпшелері арасында «Астана Моторс» Қазақ Мотор Компаниясы Қазақстан нарығында жапон автокөліктерін сату мен сервистік қызмет көрсетуде мол тәжіриебесімен кеңінен танымал.
Осы жайттарды ескере отырып, 2001 жылдың жазында Subaru Corporation компаниясымен сәтті келіссөздерден кейін "Астана Моторс" ҚМК Subaru автокөліктерін Қазақстан Республикасына импорттауға эксклюзивті құқық алған болатын. Содан бері компания Subaru брендінің ресми өндірушісінің Subaru XV, Outback, Forester модельдік қатарының барлық автокөліктерін сатуға және сервистік қызмет көрсетуге уәкілетті өкілі атанды.
2001
Аталған модельдер және олардың модификациялары Жапониядағы Subaru зауыттарында жасалып, арнайы ТМД елдерінің жағдайына бейімделген, әрі қатал климаттық аймақтарға арналған арнайы жиынтығы бар.

Мінсіз нәтижелерге тек нақты өзара әрекеттесу арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан да біз Subaru сервистік технологияларын бренд қызметінің әрбір аспектісіне, яғни автокөліктен бастап сервистік орталыққа дейін ұтымды интеграциялауға ұмтыламыз.

«Subaru Қазақстан» ЖШС «Subaru» автокөлік брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы. Subaru даму стратегиясының аясында «Subaru» брендінің автокөліктерін сату және оларға сервистік қызмет көрсету бойынша келесі талаптарға сай әріптестерді ынтымақтастық орнатуға шақырамыз:
  • автокөлік бизнесінде тәжірибенің болуы;
  • тұрақты қаржылық жағдай;
  • тиімді басқару командасы;
  • Subaru дилерлік стандарттарына сәйкес жаңа көпфункционалды дилерлік орталығы құрылысына инвестиция салуға дайын болу.
Біздің дилер болу үшін

«Subaru Kazakhstan» ЖШС – Subaru брендінің Қазақстандағы эксклюзивті дистрибьюторы – Сіздің қалаңызда дилерлік орталық ашу бойынша серіктестік мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Біздің барлық серіктестеріміз Subaru брендінің стандарттарына сәйкес жұмыс істейді, бұл жоғары сапалы сервисті тұрақты түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ынтымақтастыққа арналған ұсыныстар Қарағанды қаласы бойынша қабылданады.

Өтінімдерді қарастыру процедурасы:

1 кезең
Өтінімді толтыру және Дистрибьютор тарапынан 3 жұмыс күні ішінде қарастырады. Дистрибьютор қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі мен мерзімдері көрсетілген тендер жариялайды. Кандидаттардың қысқа тізімін (short list) қалыптастырады.

2 кезең
Шешімді Дистрибьюторлық комитет қабылдайды, ол кандидаттың брендтің негізгі минималды талаптарына сәйкестігіне негізделеді. Конкурсқа қатысушылардың барлығына жауап беріледі және келесі қадамдардың тәртібі түсіндіріледі.

Барлық сұрақтар бойынша «Subaru Kazakhstan» ЖШС дилерлік желіні дамыту департаментінің электрондық мекенжайы арқылы хабарласуға болады d.appaz@subaru.kz

Өтінімді қалдыру
Алматы
Барлық жолақтарды толтыру міндетті

Дилерлік желі

Астана
Алматы
Аймақтар
Субару Көкшетау