Автокомпоненттер технопаркі_desktop Автокомпоненттер технопаркі_tablet Автокомпоненттер технопаркі_mobile

Автокомпоненттер технопаркі

Жеңіл автокөліктер
Алматы қаласы, Алатау ауданы, Алматы индустириалық аумағы
«Астана Моторс» компаниясы құрамындағы автокомпоненттер шығаратын технопарк Алматы қаласының Индустриялық аймағында жұмыс істеп тұрған Hyundai Trans Kazakhstan зауытының жанындағы 100 мың шаршы метр алаңда орналасқан.
Автокомпоненттердің технопаркі
Құрылыс аяқталғаннан кейін, өндірістік үй-жайлардың ауданы 20 мың шаршы метрден асады.

Технопарк өнімдері Hyundai Trans Kazakhstan зауыттарына, Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендтік зауытына, сондай-ақ Қазақстанның басқа да автокөлік зауыттарына автокомпоненттерді жеткізу үшін арналады.

Технопарк қызметкерлерінің штаты шамамен 400 адамды құрайды, оның ішінде 150-ге жуық маман автокомпоненттер өндірісінде жұмыс істейді. Технопарк құрылысына инвестициялар жалпы алғанда шамамен 15,5 млрд теңгені құрайды.
Автокөліктерге арналған мультимедиалық жүйелер шығаратын зауыт
Автокөліктерге арналған мультимедиалық жүйелер шығаратын зауыт

Мультимедиалық жүйелер шығаратын кәсіпорын 2024 жылдың күзінде пайдалануға берілді. Кәсіпорынның өндірістік үй-жайларының ауданы шамамен 1400 шаршы метрді құрайды. Өндірістік қуаттылығы – жылына 100 мың мультимедиалық жүйе. Зауыт шығаратын электрондық аудио- және бейнежабдықтар қазірдің өзінде Hyundai Trans Kazakhstan Алматы зауытына жеткізіліп жатыр.

Сонымен қатар жоба шетелдік әріптес – автокомпоненттер өндірісінде мол тәжірибесі бар оңтүстік кореялық Youngsan компаниясымен бірлесіп іске асырылып отыр. 2024 жылы желтоқсан айының соңында жабдықтың, шикізаттың және өндірілетін өнімнің сапасын бақылау үшін кәсіпорында автокөлік орындықтарының пилоттық партиясының өндірісі іске қосылды. Жаппай өндіріс кәсіпорынның пайдалануға берілгенінен кейін 2025 жылдың ақпан айынан басталды. Зауыттың жоспарланған қуаты – жылына 100 мың орындық жиынтығына дейін.
Автокөлік орындықтарын өндіретін зауыт
Автокөлік орындықтарын өндіретін зауыт