Hyundai Suyunbay_desktop Hyundai Suyunbay_tablet Hyundai Suyunbay_mobile

Hyundai Suyunbay

Алматы қ., Сүйінбай көш., 245a Жұмыс кестесі: 8:00 - 20:00 reception@almaty.hyundai.kz

Анықтама үшін телефон:

+7 (727) 333 19 07

+7 701 520 07 42

almaty.hyundai.kz
Компаниясы «3S» қағидасы бойынша жұмыс істейді:
Sales
Сапа, қолжетімділік, сенімділік және жайлылықты бойына тоғыстырған автокөлік 5 жылға немесе 100 мың км. жүріске дейін кепілдікпен сатылады. Барлық автокөліктер ТМД және Қазақстан Республикасында жағдайына бейімделген. Икемді несиелеу бағдарламасы және сақтандырудың барлық түрлері қарастырылған.
Service
Кепілдік қызмет көрсетуді жыл сайын білімі мен біліктігін жетілдіру мақсатында аттестациядан, оқу және тренингтерден өткен жоғары білікті шеберлер, механиктер, электриктер жүзеге асырады.
Spare parts
Түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен аксессуарлар дүкені 20 000-нан астам атаудан тұратын кең ассортимент ұсынады. Қосалқы бөлшектер 6 айға немесе 100 мың км жүріске дейінгі кепілдікпен сатылады.
Өзінің жоғары көрсеткіштерімен Hyundai Auto Almaty компаниясы көптеген марапаттарға ие болды:
Автосалонның ресми ашылуы 2004 жылы өтті. Аумағы 1000 ш.м. hi-tech стилінде жасалған кең шоурумда оңтүстіккореялық автоөндірушінің барлық модельдік қатары ұсынылған. Компанияның басты байлығы – оның қызметкерлері. Біздің қызметкерлер корпорациялық, дистрибьюторлық және халықаралық конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздары атанып, көптеген марапаттарға ие. 2013 жылы Сеул қаласында (Корея) өткен сервис бойынша халықаралық олимпиадада "Үздік маман-электрик" номинациясы бойынша компанияның автоэлектр маманы қола медалін жеңіп алды. 2013 жылдың қараша айында Сеул қаласында Халықаралық Cату бойынша кеңесшілер арасында өткен жарысында ортақытың аға сату жөніндегі кеңесшісі Brand Knowledge (бренд білімі) номинациясы бойынша жарыстың жеңімпазы атанды.
Сервистік қызмет көрсету
Сервистік қызмет көрсету
2008 жылдың маусым айында барлық еуропалық стандарттарға сай жаңа Hyundai қызмет көрсету орталығы іске қосылды. Ол қазіргі заманауи қондырғылармен жабдықталған 15 бекеті бар үлкен жөндеу аймағы, көлік жуу орны, қоймалар, автокөлік қабылдау аймағы және оқу орталығынан тұрады.
Қызметтер
  • компьтерлік диагностика;
  • жоспарлы  техникалық қызмет көрсету;
  • бензин және дизель қозғалтқыштарына диагностика жасау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
  • трансмиссия, жүріс бөлігі, автоматты және механикалық беріліс қорабын диагностикалау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
  • электр және жарық жабдықтарына диагностика жасау және жөндеу;
  • кондиционер жүйесін диагностикалау және жөндеу, қызмет көрсету және толтыру;
  • дөңгелектердің 3D геометриясы;
  • қосымша жабдықтар мен аксессуарларды орнату;
  • дыбысты оқшаулау;
  • контактісіз көлік жуу.