Hyundai Trans Kazakhstan_desktop Hyundai Trans Kazakhstan_tablet Hyundai Trans Kazakhstan_mobile

Hyundai Trans Kazakhstan

Жеңіл көліктер
Алматы қаласы, Алатау ауданы, Алматы индустириалық аумағы, «Алғабас» шағын ауданы 7-ші көше, 138/5 htk@hyundai.kz

Жұмыс кестесі: с 8:00 до 18:00

Анықтама үшін телефон: 7007

www.hyundaiplant.kz
"Астана Моторс" компаниясының құрамындағы Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорны – HYUNDAI жеңіл автокөліктерін шығаратын толық циклді зауыт.
Hyundai Trans Kazakhstan зауыты машина жасау саласында кадрлық резервін қалыптырып жатыр. Бүгінде кәсіпорында 1300 жуық адам жұмысқа орналастырылды.
Кәсіпорынның жалпы ауданы – 38 мың шаршы метр. Қазіргі уақытта шағын тораптық өндірістің қуатын арттыру және дәнекерлеу мен бояу арқылы жаңа моделдерді іске қосу үшін өндірістік алаңдарды кеңейту, сонымен қатар өндірістік цехтарды жаңғыртуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Hyundai Trans Kazakhstan жобасы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Қазақстанның Даму Банкінің, Өнеркәсіпті дамыту қорының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясының, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен іске асырылды.
"Астана Моторс" автокомпоненттер шығаратын зауыт салып жатыр. Осылайша, компания отандық автоөнеркәсіпті дамыту бойынша  алдына қойылған мақсаттарына қол жеткізіп, өндірісті локализациялаудың 51% астамын қамтамасыз етеді.
"Астана Моторс" автокомпоненттер шығаратын зауыт салып жатыр. Осылайша, компания отандық автоөнеркәсіпті дамыту бойынша алдына қойылған мақсаттарына қол жеткізіп, өндірісті локализациялаудың 51% астамын қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 21 сәуірінде Оңтүстік Кореяның Сауда, индустрия және энергетика министрі Сон Юн-Мо мырзаның, Hyundai Motor Company стратегия жөніндегі президенті Конг Ян Вун мырзаның, сондай-ақ сол кездегі Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің (қазір ҚР Премьер-Министрінің орынбасары) Роман Скляр мырзаның қатысуымен Алматыдағы болашақ зауыттың іргетасына капсула салу рәсімі өтті.

Hyundai Trans Kazakhstan зауытында дәнекерлеу, бояу, жинау, пластик бөлшектерді бояу цехтері және құрамдауыштар қоймасы бар. Кәсіпорын Оңтүстік Кореяда шығарылған Hyundai Motor Company, Obara, Korea Hoist, Durr Korea, Korea Tech, Hyundai Rotem және т.б. ең жаңа жабдықтармен жасақталған. Hyundai Trans Kazakhstan зауыты Hyundai Motor Company талаптарына сай келеді. Сондай-ақ Еуропада, АҚШ-та және Азияда әлемдік деңгейдегі зауыттарды сертификаттайтын VCA (Ұлыбритания), RDW (Нидерланд) мен TÜV Rheinland Korea сияқты танымал компаниялардың сертификаттау құжаттарына ие. Зауыт экологиялық стандарттардың барлық талаптарын ескере отырып салынған. Бояу цехі ауа мен суды сүзгілеу жүйелерімен қамтамасыз етілген.
Hyundai Trans Kazakhstan зауыты
Hyundai Trans Kazakhstan зауыты