Subaru Almaty_desktop Subaru Almaty_tablet Subaru Almaty_mobile

Subaru Almaty

Алматы қ., Тюлькубасская көш., 2 Жұмыс кестесі: 8:00 - 20:00 reception@subaru.kz

Анықтама үшін телефон:
+7 (727) 333 19 09

Web site: 
subaru-almaty.kz
 

 

subaru-almaty.kz
2002 жылы салынған жаңа автоорталығында Subaru брендінің «жұлдыздары» орналасып, жарқын және кең көрме аймағында өзінің автокөліктерінің модельдік қатарын ұсынды. Осы күнге дейін Subaru Қазақстандағы ең заманауи уәкілетті станциясы болып отыр. Subaru Motor Almaty келушілер көрмеде ұсынылған модельдін кез-келген үлгісін таңдай алады.
2021 жылдың 1 сәуірінен бастап Subaru Motor Almaty автосалоны Subaru автокөліктерін сату және техникалық қызмет көрсету бойынша ресми дилер.
Subaru Motor Almaty дилерлік орталықта аты аңызға айналған жапондық Subaru брендінің жаңа көліктері ұсынылған. Subaru Motor Almaty келушілері салонда көрсетілген кез-келген модельді таңдай алады. Subaru брендінің автокөліктері жоғары сенімділік және оңай техникалық қызмет көрсетумен ерекшеленетін толық жетекті жүйесі қазірдің өзінде қазақстандықтар арасында танымалдыққа ие болды. Автосалонда ұсыналған XV, Outback, Forester модельдері Subaru зауыттарында шығарылып, арнайы Қазақстанға тән климаттық, сонымен қатар жергілікті жол мен жағармай жағдайларына бейімделген. Барлық сатылған автокөліктер 3 жылға немесе Қазақстан аймағында 100000 км дейін жүрістің кепілдігіне ие. Автоорталық автокөлік сатудың барлық түрлерін, соның ішінде несие және лизинг өнімдері ұсынады.
Сервистік қызмет көрсету
Сервистік қызмет көрсету
Subaru Motor Astana автоорталығының қызмет көрсету аймағы Fuji Heavy Industry бекіткен, автосервис саласындағы әлемдік стандарттарға сәйкес келетін заманауи диагностикалық және жөндеу қондырғыларымен жабдықталған. Автоорталықта автосервистің толық спектрі ұсынылады. Күнделікті техникалық қызмет көрсетуден бастап автокөліктің шанағы мен бояу жұмыстарын, сонымен қатар күрделі жөндеу жұмыстары да кіреді. Сервистік орталық өндіруші зауыт тарапынан кепілденген, Subaru брендінің Жапония, АҚШ, Еуропада жасалған түпнұсқа қосалқы бөлшектері және аксессуарларымен ғана жұмыс істейді. Жапондық автокөліктерді жөндеуге маманданған автоорталықтың механиктері Жапониядағы Subaru оқу орталығында арнайы дайындықтан және біліктілікті арттыру курсынан өтеді.
Қызметтер
  • Жүйелердің  компьютерлік диагностикасы;
  • бүрку жүйесін тазалау және оталдыру білтелерін ауыстыруды;
  • электр жабдықтарды жөндеу;
  • қозғалтқышты жөндеу және реттеу;
  • қозғалтқыштың блоктарын жону (V-тәріздесті қоса алғанда);
  • иінді біліктерді тегістеу;
  • шанақ және көлікті бояу жұмыстары;
  • механикалық беріліс қораптарын жөндеу;
  • автоматты беріліс қорабын жөндеу;
  • агрегатты жөндеу (үлестіру қорабы, редукторлар);
  • жүріс бөлігін жөндеу;
  • дөңгелектердің айырылып/қосылуын көмпьютерлік реттеу;  
  • Қазақстандағы бірегей және жалғыз компьютерлік диагностика жасауға арналған Subaru электрондық жүйелер сканері.