Бавария Астана Автоорталығы_desktop Бавария Астана Автоорталығы_tablet Бавария Астана Автоорталығы_mobile

Бавария Астана Автоорталығы

Астана қ., Қабанбай батыр көш., 35 Жұмыс кестесі: 9:00 - 20:00 info.astana@bavaria.kz

Анықтама үшін телефон:

+7 (7172) 57 61 61

+7 (702) 036 61 61

Web site:

bavaria-astana.kz

bavaria-astana.kz
Бавария Астана автоорталығы сол жағалаудың беделді іскерлік орталығында орналасқан. «Астана Моторс» ҚМК-ның барлық авто орталықтарының сияқты ол да «үш S» қағидасы бойынша жұмыс істейді: Sales (автокөліктерді сату), Service (сатудан кейінгі қызмет көрсету), Spare parts (түпнұсқа қосалқы бөлшектерді сату).
Sales
(автокөліктерді сату)
Service
(сатудан кейінгі қызмет көрсету)
Spare parts
(түпнұсқа қосалқы бөлшектерді сату)
Бавария Астана автоорталығының жалпы ауданы 1500 ш.м. құрайды.
Дилерлік орталық аумағына көрме залы, қызмет көрсету аймағы, қосалқы бөлшектер қоймасы, көлік жуу орны мен кеңсе кіреді. Автоорталықтың клиенттерге арналған жайлы алаңы автокөлікті рәсімдеу немесе техникалық қызмет көрсетуге кететін уақытты жайлы өткізуге мұмкіндік береді. Қызмет көрсету аймағы автокөлікке техникалық қызмет көрсету, диагностика, қозғалтқыш, жүріс бөлігі мен электр жабдықтарын жөндеудің толық спектрін ұсынады.
Сервистік қызмет көрсету
Сервистік қызмет көрсету
Автоорталықтың сервис алаңы айына 500 автокөлікке қызмет көрсете алады. Автоорталықта BMW-мен қоса, әйгілі британдық MINI брендінің модельдері де ұсынылған. Автоорталықта техникалық қызмет алуға және MINI автокөліктеріне қосалқы бөлшектер сатып алуға болады. Біз сондай-ақ адреналинді қалайтын жандарды да ұмытпадық. Олар үшін автоорталықта BMW мотоциклдері ұсынылған.
Қызметтер
  • BMW және MINI автокөліктернің, BMW мотоциклдерінің электронды жүйелерінің компьютерлік диагностикасы;
  • электр жабдықтарын диагностикалау және жөндеу;
  • қозғалтқыштарды қалыпты және күрделі  жөндеуден өткізу;
  • жүріс бөлігін жөндеу;
  • техникалық қызмет көрсету бойынша барлық жұмыс түрлері;
  • кез-келген брендтің жүріс бөлігінің компьютерлік геометриясы;
  • автокөлік кондиционерлерін диагностикалау, жөндеу және жанармай құю;
  • шиналарды орнату және дөңгелектерді теңестіру;
  • әйнектерді ауыстыру және көліктің салоны бойынша жұмыстар;
  • ультрадыбыстық құрылғымен инжекторлар мен инжекторлық қозғалтқыштарды тазалау;
  • стендте амортизаторлар мен тежегіш жүйесін диагностикалау;
  • автокөліктерді аксессуарлармен және қосымша құрылғылармен жабдықтау;
  • кез-келген автокөлікке детейлинг жасау;
  • аксессуарлар мен қосымша жабдықтарды орнату;
  • ескерту дабылын орнату.