Сервистік қызмет көрсету
Ауданы 500 ш.м. құрайтын техникалық қызмет көрсету станциясы заманауи құрылғылармен жабдықталып, айына 1000-1200 автокөліктерге қызмет көрсете алады. Станция автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу және диагностиканың толық спектрін ұсынады. Сервис орталығы Hyundai моделінің GDS2 жаңа буындарына арналған диагностикалық құрылғылармен жабдықталған. Қызмет көрсету орталығының басты құндылығы - жоғары білікті, HSTEP & HTRP (Hyundai Service Technician Education Program & Hyundai Technician Recognition Program) бағдарламасы арқылы оқыған және аттестатталған мамандар.