Бавария-Автоорталығы Алматы_desktop Бавария-Автоорталығы Алматы_tablet Бавария-Автоорталығы Алматы_mobile

Бавария-Автоорталығы Алматы

Алматы қ.,Әл-Фараби даңғылы, 107 (Жарокова көшесінің қиылысы) Жұмыс кестесі: 9:00 - 20:00 info-almaty@bavaria.kz

Анықтама үшін телефон:

+7 (727) 333 19 05

bavaria-almaty.kz
2005 жылдың маусым айында Қазақстандағы BMW эксклюзивті дилері «Бавария - автоорталығы» «Астана Моторс» ҚМК-ның құрамына кірді. 2014 жылдың қыркүйек айында Әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысындағы, қаланың көркем бөлігінде жаңа заманауи көрме залы салынды. «Бавария - автоорталығында» BMW Group желісінің кең ауқымды моделдік қатары, атап айтқанда BMW және MINI автокөліктері, BMW мотоциклдері ұсынылған.
Жаңа «Бавария Алматы автоорталығы» BMW және MINI автокөліктерін, BMW мотоциклдерін, түпнұсқа қосалқы бөлшектерді сатумен айналысады. Сонымен бірге әлемдік стандартқа сай сапалы кепілдеме сервисі және кепілдемеден кейінгі қызмет түрін көрсетеді.
Автокөлікті сатып алу ыңғайлы болу үшін, жоғары дәрежелі қызмет көрсетуден бөлек, «Бавария Алматы автоорталығы» жаңа және жүрілген автокөліктерді сатып алуға несие мен сақтандыру бойынша икемді ұсыныстар, сондай-ақ ең тиімді шартта Trade-in ұсынады. BMW-ның шынайы сипатын сезіну үшін автоорталықтың Test-Drive алаңында сіз үшін ең үлкен сынақ өткізетін автокөліктер паркі ұсынылған. Кең әрі жайлы көрме залында сіз BMW Lifestyle киімдері мен аксессуарларының кең ассортиментін таба аласыз. Ал BMW BAR-да ең жақсы кофе іше отырып, уақытыңызды керемет өткізе аласыз!
Сервистік қызмет көрсету
Сервистік қызмет көрсету
BMW сервистік орталығы автокөліктер мен мотоциклдерге қызмет көрсетуге, оның ішінде кез-келген күрделі жөндеу жүргізуге мүмкіндік беретін ең заманауи қондырғылармен жабдықталған. BMW көлігінің техникалық қызметін мінсіз қылатын үш негізгі қағида бар. Олар-сапа, тиімділік және инновация. Сервистік орталық айына шамамен 500 автокөлікке дейін қызмет көрсете алады. Бірегей жабдықтар мен BMW сапалы қосалқы бөлшектердің арқасында сервистік станцияның тәжірбелі мамандары сіздің көлігіңіздің сапа жоғары деңгейде қызмет көрсетеді.
Қызметтер
  • BMW және MINI автокөліктерінің, BMW мотоциклдерінің электронды жүйелерін компьютерлік диагностикалау;
  • электр жабдықтарын диагностикалау және жөндеу;
  • қозғалтқышты жөндеу, оның ішінде күрделі жөндеу;
  • жүріс бөлігін жөндеу;
  • техникалық қызмет көрсету жұмыстарының барлық түрлері;
  • жүріс бөлігінің компьютерлік геометриясы;
  • автокондиционерлерді диагностикалау, жөндеу және толтыру;
  • дөңгелектерді орнату және теңестіру;
  • терезе әйнегін ауыстыру және автокөліктің ішкі жұмыстары;
  • ультрадыбыстық жабдықпен инжекторлі қозғалтқыш және форсункаларды тазалау;
  • стендте амортизаторлар мен тежеу ​​жүйелерін диагностикалау;
  • аксессуарлар мен қосымша жабдықтарды орнату;
  • автокөлікті  аксессуарлар мен қосымша жабдықтармен қайта жарақтау;
  • автокөлік әйнектеріне дитейлинг жасау;
  • ескерту дабылын орнату.