Hyundai Premium Astana_desktop Hyundai Premium Astana_tablet Hyundai Premium Astana_mobile

Hyundai Premium Astana

Астана қ,. Қабанбай батыр көш., 39 atz@hyundai.kz

Анықтама үшін телефон:

+7 (7172) 270 303
+7 775 030 03 03

hyundai-astana.kz
«Астана Моторс» ҚМК-ның барлық автоорталықтары сияқты Hyundai Premium Astana «үш S» қағидасы бойынша жұмыс істейді: Sales (автокөліктерді сату), Service (сатудан кейінгі қызмет көрсету), Spare parts (түпнұсқа қосалқы бөлшектерді сату).
Sales
(автокөліктерді сату)
Spare parts
(түпнұсқа қосалқы бөлшектерді сату).
Service
(сатудан кейінгі қызмет көрсету)
Hyundai Premium Astana орталығы Hyundai брендінің соңғы GDSI (Global Dealership Space Identity) стандарттарына сай құрылған.
Ауданы 1000 ш.м. алатын кең әрі салтанатты көрме залында Қазақстанға жеткізілетін Hyundai автокөліктерінің барлық модельдік қатары, сондай-ақ тұпнұсқа қосалқы бөлшектер, керек-жарақтар мен қаржы өнімдері ұсынылған. Сонымен қатар, жеке кеңес алуға болатын арнайы премиум-зона, бірнеше күту аймағы және балалар алаңы қарастырылған. Тест-драйв жүргізуге мүмкіндік бар.
Сервистік қызмет көрсету
Сервистік қызмет көрсету
Ауданы 2 500 ш.м.-ден асатын техникалық қызмет көрсету станциясы заманауи құрылғылармен жабдықталған және айына 1000-1500 автокөліктерге қызмет көрсетуге арналған. Станция автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу және диагностиканың толық спектрін ұсынады. Сервис Hyundai моделінің GDS2 жаңа буындарына арналған диагностикалық құрылғылармен жабдықталған. Қызмет көрсету орталығының басты құндылығы - жоғары білікті, HSTEP & HTRP (Hyundai Service Technician Education Program & Hyundai Technician Recognition Program) бағдарламасы арқылы оқыған және аттестатталған мамандар.
Қызметтер
  • Hyundai брендінің 10 жастан аспаған автокөліктеріне техникалық қызмет көрсету;
  • барлық қосалқы бөлшектер, тораптар мен агрегаттарды диагностикалау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
  • бензин мен дизель қозғалтқыштарын, сонымен бірге басқару жүйелерін арнайы жабдықтарды қолдана отырып диагностикалау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
  • трансмиссия (автоматты және механикалық беріліс қорабы) диагностикалау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
  • шанақ жұмыстары;
  • алдыңғы және артқы дөңгелектерінің бұрыштарын реттеу және тексеру (дөңгелекті туралау);
  • электр жабдықтарына диагностика жасау және жөндеу;
  • қосымша жабдықтарды орнату (ескерпе дабылы, автокөлік терезесін қараңғылату, газ жабдықтарын орнату, DVD, мультимедиялық жүйесі мен артқы көрініс камерасын, тұрақ жүйелерін, қорғау картерын, терезе дефлекторын  (желқағар) орнату, көліктің алдыңғы бөлігін қаптау, есік тұтқалары астында қорғаныс қабатын жалату; 
  •  күндізгі жүріс шамдарын (тұрақты күндізгі жарық, күндізгі қосымша жарық) орнату және сату;
  • арнайы жабдықтарды қолдана отырып, кондиционер жүйелерін толтыру, техникалық қызмет көрсетум және жөндеу; 
  • арнайы жабдықты пайдалана отырып  фараларды тексеру және реттеу;
  • автокөліктердің терезелерін ауыстыру;
  • дыбысты оқшаулау.