Golden Dragon_desktop Golden Dragon_tablet Golden Dragon_mobile

Golden Dragon

Golden Dragon Bus Company Қытайдағы автобус өндірушілер арасында көшбасшылардың бірі. Компанияның жылына 40 000 шағын, орта және үлкен автобустарды шығаратын 3 автобус зауыты бар.
Golden Dragon автобустары әлемнің 66 елінде, соның ішінде Филиппин, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Египет, Сингапур, Израиль, Таиланд және Ресей елдерінде пайдаланылады. Golden Dragon көптеген елдерде сатылым көлемі бойынша көшбасшы, мысалы, Израиль нарығында жетекші орын алады. 8,5 метрден 18,5 метрге дейінгі автобустардың кең ауқымы жолаушылар тасымалымен айналысатын қазақстандық компаниялардың қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алатынын айта кету керек. Автобустар үш түрлі қозғалтқышпен жұмыс істейді: дизельдік, газ және электр. Төмен еденді қалалық автобустармен қатар, туристік және қала маңына арналған шағын автобустар да өндіріледі.
Барлық автобусты қазақстандық «Астана Моторс» компаниясының автокөлік құрастыру зауыты шығарады және Еуро-5 стандартының талаптарына сәйкес келеді.

«Golden Dragon» төменгі еденді автобусының кең салонында барлық қауіпсіздік, бейнебақылау, ақпараттандыру, диспетчер жүйелері және кондиционер бар. Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға ыңғайлы болу үшін арнайы автоматты пандустар қарастырылған.

Қазақстанда жасалған Golden Dragon автобустарының құны қазақстандық автокөлік нарығы үшін бәсекелестік қабілеттілігі жоғары. Golden Dragon автобустары Қазақстанда ұсынылған осы сияқты автобустардан әлдеқайда арзан. Құны бойынша айырмашылық шамамен 10% құрайды. Автобустарды лизингке де, Өнеркәсіпті дамыту қорының арнайы бағдарламасы арқылы да сатып алуға болады. Сонымен қатар «Астана Моторс» тұтынушылар мен автобус парктеріне сервистік қызметтің әртүрлі нұсқаларын таңдауға ұсынуға ниеттеніп отыр. Біріншіден, бұл мобильді қызмет – компанияның техникалық мамандары жұмыстан тыс уақытта автотұрақтардың аумағында және рейс кезінде автобус жолда бұзылған жағдайларда сервистік қызметтер көрсетеді. Екіншіден, автобусты сатқан кезде клиент 100 000 км жүріп өтетін жолына дейін техникалық қызмет көрсетуге қажетті түпнұсқа қосалқы бөлшектердің толық тізімін алу мүмкіндігіне ие болады.

Біздің дилер болу үшін
Өтінімді қалдыру
Алматы
Барлық толтыру міндетті өрістер