Сервистік қызмет көрсету
Қызмет көрсету орталығы танымал Ravaglioli итальяндық компаниясының заманауи 22 көтергіштерімен жабдықталған, сондай-ақ 2 доңғалақ ауыстыру және теңестіру бекеті, компьютерлік геометрия стенді, дөңгелекті бүрлеу станогы мен тежегіш дискілерін жону станогы бар. Сіздің автокөлігіңізге Жапония, Германия, Ресей оқу орталықтарында білім алған, Toyota автокөліктеріне қызмет көрсету саласында соңғы технологиялық жетістіктерді кәсіби меңгерген жоғары білікті мамандар қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, онда техникалық және сату бөлімінің қызметкерлеріне тұрақты сабақтар өткізетін сыныптар бар. Орталық Toyota иелерінің көңілінен шығатын сапалы сервис ұсынып, сіздің автокөлігіңізге кәсіби және жылдам қызмет көрсету үшін жетекші өндірушілердің құрал-жабдықтарымен жарақталған. Автокөлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезінде түпнұсқа қосалқы бөлшектер қолданылады. Барлық қосалқы бөлшектер сапа сертификатымен және өндірушінің кепілдігімен қамтамасыз етілген.