Әлеуметтік жобалар

«Астана Моторс» ҚМК-сы тұрақты түрде мәдениет, өнер, білім мен спортты дамытуға үлесін қосып, көптеген қоғамдастық жобаларды қолдайды.

Ол «Pro Team Astana» велокомандасының демеушілігі, «Бірінші болуға батылдылық» атты қайырымдылық марафоны, «Алматы туры» халықаралық велосипед бәйгесі, «Қазақстан барысы» атты ұлттық қазақ күресі бойынша республикалық турнир, пауэрлифтинг және бодибилдинг бойынша Азия Мега кубогы, велоспорт бойынша Азия чемпионаты, су полосы бойынша Әлем кубогы сияқты жобалар болып табылады.

Компания жыл сайын қазақстандық суретшілердің көрмесін ұйымдастырады, еліміздің өнер туындыларының каталогтарын шығарады, ауылдық аймақтардағы дарынды балаларға білім гранттарын ұсынады, тірек-қимыл жүйесі нашар балаларға арналған Алматы №2  мектеп-интернатын қолдайды.

«Біздің компания қайырымдылыққа белсенді көңіл бөлуде, адамдарға көмек көрсетіп, мәдениет пен спортты қолдайды. Бұл біздің тұжырымдамамыз, біздің өмір салтымыз және біздің философиямыз болып табылады».
«Астана Моторс» ҚМК-ның президенті Нұрлан Смагұлов