Lexus Astana_desktop Lexus Astana_tablet Lexus Astana_mobile

Lexus Astana

Астана қ,. Қабанбай батыр даңғ, 37 Жұмыс кестесі: 8:00 - 20:00 info@lexus-astana.kz atz@lexus-astana.kz

Анықтама үшін телефон:

+7 (7172) 57 74 74

+7 778 003 74 74

lexus-astana.kz
Lexus Astana автоорталығы Lexus жаңа тұжырымдамасына сәйкес салынды. Орталық Лондон сәулетшілер мектебінің мамандарымен сәулет өнерінің соңғы үрдістері ескеріліп, Lexus клиенттері үшін жылу мен жайлылық атмосферасын сыйлау үшін салынған.
Sales
(автомобильдерді сату)
Service
(сервис)
Spare parts
(түпнұсқа қосалқы бөлшектерді сату)
Lexus Astana автоорталығы клиенттердің лайықты бағасын алып үлгерді. Себебі орталықта брендтің "Кемелдікке ұмтылыс" ұстанымы берік сақталған.
Бұл жай ғана философия емес, бұл - өмір сүрудің мәні. Lexus өз жұмысында "үздіксіз даму" қағидасын ұстанады. Оның негізінде автокөліктің концепциясынан бастап клиентермен қарым-қатынас орнату, сондай-ақ жайлы әрі мінсіз авторорталықтарды салу жұмыстары жүзеге асады.
Жайлы тұтынушылар алаңы Lexus Astana қонақтарына ыңғайлы автокөлікті жобалау немесе техникалық қызмет көрсету үшін қажетті уақыт жұмсауға мүмкіндік береді.
Қызмет көрсету аймағы техникалық қызмет көрсету қызметтері, диагностика, қозғалтқыш, шасси және электр машина бөлшектерін жөндеуінің толық спектрін ұсынады. Автоорталықтың жалпы ауданы 2 мың 73 ш. м. құрды. Құрылысына инвестициялар көлемі $ 5 млн құрды. Жаңа автоорталығының ашылуы Астана қаласының инфрақұрылымын дамытуға ынталандырады. Сонымен қатар Қазақстандық тұтынушы заманауи премиум автокөліктерін алып қана қоймай, әлемдік деңгейдегі сапалы қызмет ала алады.
Сервистік қызмет көрсету
Сервистік қызмет көрсету
Автоорталықтың техникалық қызмет көрсету алаңы ең заманауи диагностикалық құрылғыларымен, атап айтұанда Hunter, Маха, OMA сияқты Еуропа мен АҚШ-та жетекші өндірушілердің диагностикалық құрылғыларымен жабдықталған. Станция айына 1000 автокөлікке дейін қабылдай алады.
Қызметтер
  • диагностиканың барлық түрлері;
  • жүйедегі майды ауыстыру;
  • жүріс бөлігін жөндеу;
  • электр жабдықтарды жөндеу;
  • тежегіш жүйені жөндеу;
  • қозғалтқыш белдіктері мен ГҮМ белдігін ауыстыру;
  • қозғалтқыштар мен агрегаттарды күрделі жөндеу.