Jaguar Land Rover Almaty_desktop Jaguar Land Rover Almaty_tablet Jaguar Land Rover Almaty_mobile

Jaguar Land Rover Almaty

Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 115 Жұмыс кестесі: 9:00 - 20:00 reception@jlr-almaty.kz

Анықтама үшін телефон:

+7 (727) 333 19 19

+7 707 353 1919  (WhatsApp)

Web site 

landrover.astana-motors.kz

jaguar.astana-motors.kz

landrover.astana-motors.kz
"Астана Моторс" компаниясы премиум санаттағы автокөлік брендтерінің портфелін кеңейтуде. 2017 жылдың 29 маусымында компания аты аңызға айналған Land Rover брендімен дилерлік келісімге қол қойылды. Нәтижесінде Land Rover сатылымы Алматыда 2017 жылдың шілде айының соңында басталды.
2019 жылдың 30 сәуірінде Алматыда Jaguar Land Rover Astana Motors заманауи жаңа дилерлік орталығының салтанатты ашылуы өтті.
Шараға арнайы келген алғашқы қонақтар қатарында Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Джон Гиффорд және Ұлыбритания Премьер-Министрінің ҚР-ғы Сауда өкілі боранесса Эмма Николсон Винтрборн болды.
Almaty Motors Premium дилерлік орталығының жалпы ауданы 4470 м2 жуық. Шоурумның 602 м2 ауданын алып отырған бірінші қабатта тоғыз көлік орналасып, әрбір клиент компания ұсынатын барлық көліктер түрлерінің тізбегімен таныса алады.
Автосалонда клиенттер назарына Jaguar модельдік қатары бойынша XE ықшамды седаны, XF бизнес-седан, көрнекі класындағы XJ седаны, спорттық SUV F-PACE және динамикалық F-TYPE спорткары ұсынылған.
Almaty Motors Premium дилерлік орталығы Jaguar және Land Rover автомобильдеріне сервистік қызмет көрсету үшін барлық құралдармен жабдықталған.
Клиенттерге арналған аумағы 617 м2 құрайтын ұсталық цехтың 7 орны мен 1 көлік жуатын бокс және 2 электрші орындары бар. Қызмет көрсету орталығы айына 450 көлікті қабылдай алады.
Сервистік қызмет көрсету
Сервистік қызмет көрсету
Jaguar Land Rover Astana Motors компаниясы өз көлігіңіздің артықшылықтарын толық пайдалану үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Техникалық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету және клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру - бұл жұмыстың бір бөлігі ғана. Біздің дилерлік орталықта сервистік қызмет көрсету өндіруші зауыттың жоғары стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Сол себепті сіздің көлігіңіз сенімді қолда болады.