Hyundai Trans Almaty_desktop Hyundai Trans Almaty_tablet Hyundai Trans Almaty_mobile

Hyundai Trans Almaty

Комммерциялық көліктер
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бухтарминская көш., 70. hta–info@hyundai.kz

Жұмыс істеу уақыты: с 8:00 до 17:00

Анықтама телефоны: 7007

hyundai-hta.kz
2011 жылдың қаңтар айында Алматы қаласы халықаралық әуежайына жақын жерде Hyundai Trans Almaty зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл жайт "Астана Моторс" ҚМК мен "Hyundai Motor Company" арасындағы өзара түсіністік пен тиімді ынтымақтастық жөніндегі меморандумның арқасында жүзеге асты.
Өнімділігі жылына 10 000 бірлікке дейін.
Зауыттың аумағы 10,13 гектарды, ал еркін қойманың ауданымен қоса алғанда, кәсіпорынның ауданы 32 422 ш.м. тең.
Зауыттың ашылуы 50 астам жұмыс орнын қамтамасыз етті.
2023 жылдың аяғына қарай компания көлік өндіру және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыс істейтін 280 астам жұмыс орнын құруды көздеп отыр.
Тарихы
Тарихы

2011 жылдан бастап Hyundai негізінде коммерциялық техникасы шығарыла бастайды.  Модельдік қатарлар жүк көтергіштігі 1,5-ден 15 тоннаны құрайтын Hyundai шассиі негізінде борттық жүк автокөліктері, изотермиялық және өндірістік тауарларға арналған фургондар және т. б. техникалардан тұрады.

2016 жылы Hyundai Trans Almaty МАЗ маркасының Қазақстандағы ресми дилері атанды.

2019 жылы Нyundai Trans Almaty Қазақстанда Golden Dragon жолаушылар автобусын өндіру және сату бойынша ресми дистрибьюторы  атанды. Аталған көліктер сенімділік, жайлылық  және пайдалану кезіндегі үнемділік секілді  қалалық ортаның  барлық заманауи қажеттіліктеріне сай келеді. 

2020 жылдан бастап Hyundai Trans Almaty – Қазақстандағы Foton маркасының жүк автокөліктерін өндіру және өткізу жөніндегі ресми дистрибьютор.

Hyundai Trans Almaty зауыты реанимобильдерді, автобустарды, өрт сөндіру машиналарын, су тасушыларды, эвакуаторларды, жүк көліктерін – адамның күнделікті өмірі мен жұмысы үшін мыңдаған бірлік көліктерді шығарады.

Жолға қойылған технологиялық үдерістер мен халықаралық сапа стандарттарын сақтаудың арқасында Hyundai Trans Almaty компаниясы Қазақстан өңірлерінде бірқатар жобаларды сәтті жүзеге асырды:

1. Жол картасы бағдарламасы аясында 700-ден астам жедел жәрдем көлігі жеткізілді;
2. Республикалық бағдарлама шеңберінде 200-ден астам мектеп автобусы жеткізілді;
3. 800-ден астам қалалық автобусы жеткізілді.

2023 жылы Hyundai Trans Auto зауыты өндіріс кеңістігін кеңейтіп, Hyundai жүк көліктері мен Golden Dragon автобусарын дәнекерлеу мен бояуға арналған (СКD) екі шағын тораптық өндіріс желісін іске қосты. 2023 жылы 425 қалалық автобус және 200 Golden Dragon мектеп автобусы шығарылды.
Hyundai Trans Almaty
Hyundai Trans Almaty