Toyota Center Almaty_desktop Toyota Center Almaty_tablet Toyota Center Almaty_mobile

Toyota Center Almaty

Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 151 Жұмыс кестесі: 8:00 - 20:00 reception@toyota-almaty.kz

Анықтама үшін телефондар:
+7 (727) 333 17 71 (авто)

+7 (775) 333 17 78 (сервис)

+7 (775) 333 17 73 (бөлшектер)

toyota-almaty.kz
Toyota Center Almaty - Қазақстандағы Toyota автокөліктерінің алғашқы ресми дилері. 1995 жылы Toyota Center Almaty Қазақстанда алғашқы болып Toyota Motor Corporation уәкілетті қызмет станциясының мәртебесін алып, ТМД бойынша Toyota-TASS қызмет көрсету станциялар желісінің толық мүше болып табылады. Бүкіл әлемде «Toyota» сөзі «сапа» ұғымымен байланысты. Ал Қазақстанда аталған ұғымға қосымша «абырой» сөзін қосуға болады. Toyota Motor Corporation уәкілетті дилер ретінде Toyota Center Almaty барлық әлемдік стандарттар сай келеді және Қазақстандағы Toyota автокөлік иелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады.
Автоорталықтың кең шоурумында Toyota автокөлігінің толық моделдік қатары ұсынылған.
Сонымен қатар тест-драйв өткізуге, көлікті сатып алуға несие рәсімдеуге және оны сақтандыруға, қосымша жабдықтар қондыруға болады. Автоорталықта Trade-in бойынша ескі көлігіңізді тапсырып, баға айырмасын төлеп, жаңа Toyota автокөлігін сатып алуға болады.
Сервистік қызмет көрсету
Сервистік қызмет көрсету
Қызмет көрсету орталығында 24 жұмыс посты бар. Олардың ішіндегі 18 пост немістің танымал Nussbaum компаниясының заманауи көтергіштерімен жабдықталған. Сонымен қатар, дөңгелектерді теңестіру стендімен, жөндеу және теңестіру постарымен, тежегіш дискілерін жонуға арналған құрылғымен жабдықталған. Сіздің автокөлігіңізге оқу орталықтарында білімін үнемі жетіліп отыратын, Toyota автокөліктерге қызмет көрсету саласындағы соңғы технологиялық жетістіктерді меңгерген кәсіби білікті механиктер қызмет көрсетеді. Автоорталық техникалық және сату қызметкерлеріне тұрақты сабақтар өткізетін жеке оқу сыныбы бар. Қызмет көрсету орталығы сіздің автокөлігіңізге кәсіби және жылдам қызмет көрсетуге үшін жетекші өндірушілердің қондырғылдарымен жабдықталған. Сіздің автокөлігіңізді жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезінде түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланылады. Барлық автобөлшектер сапа мен қызмет көрсетулерге кепілдік беріледі.
Қызметтер
  • Жүріс бөлігіне диагностика жасау және жөндеу;
  • Дөңгелектердің айырылу/қосылуын диагностикалау;
  • Toyota арнайы құрылғысымен электрондық жүйелерді диагностикалау;
  • Қосымша жабдықтар мен керек-жарақтарды орнату;
  • Дөңгелек теңестіру және ауыстыру;
  • Агрегатты және құрама бөлшектерді жөндеу (үлестіру қорабы, редукторлар);
  • Автоматты беріліс қорабын жөндеу;
  • Механикалық беріліс қорабы жөндеу;
  • Қозғалтқышты күрделі жөндеу;
  • Қозғалтқыш блогын жону және иінді білікті тегістеу;
  • Бүрку жүйесі тазалау және оталдыру білтелерін ауыстыру;
  • Электр жабдықтарды жөндеу;
  • Қауіпсіздік жүйесін орнату;
  • Шанақ  және бояу жұмыстары;
  • Жылтырату;
  • Аккумуляторлық батареяларға арналған қызмет көрсету;
  • Дөңгелек сақтау қоймасы.