Astana Motors Manufacturing Kazakhstan_desktop Astana Motors Manufacturing Kazakhstan_tablet Astana Motors Manufacturing Kazakhstan_mobile

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan

Жеңіл автокөліктер
Алматы қ., «Индустриалдық аймақ – Алматы» i.baigaliyeva@astana-motors.kz
"Астана Моторс" компаниясының құрамындағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan кәсіпорны – жеңіл автокөліктерді шығару бойынша толық циклді зауыт.
2022 жылғы қыркүйекте «Астана Моторс» компанияның Қазақстанда Қытай брендтерінің автокөліктерін шығару құқығын растайтын Chery Automobile Company, Changan International Corporation және Great Wall Motor автокөлік концерндерімен меморандумдарға қол қойды.


Мультибрендті зауыт
Мультибрендті зауыт

Өндіріс ауданы 209 000 шаршы метрді құрайды.

Мультибрендті зауыттың жоспарланған өндірістік қуаты жылына 90 мың бірлікті құрайды. Оосылайша жаңа автокөліктер әр 2,5 минут сайын конвейерден шығады. Кәсіпорын автокөліктерді дәнекерлеу, бояу және құрастыру бойынша технологиялық операцияларды қолдана отырып, шағын торапты әдіспен автокөліктер шығаратын болады.

Мультибрендті зауытта 3600 астам жұмыс орны ашылады. Негізгі штат  жетекші автоконцерндердің тәжірибесі мен стандарттарын үйреніп, сондай-ақ Қазақстанда технологияларды дамытатын инженерлік-техникалық мамандықтардың мамандарынан құралатын болады.

Мультибрендті зауытта көп жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін үш жартылай автоматтандырылған дәнекерлеу цехы, үш құрастыру желісі іске қосылады. Бояу цехы 90% автоматтандырылған және барлық брендтер үшін бірыңғай болады.

«Астана Моторс» автоөнеркәсіптің барлық әлемдік стандарттары бойынша өндірісті ұйымдастыруға 182 млрд теңге инвестиция бөледі.

Лицензиялық келісімдер бойынша автокөліктер шығаратын «Астана Моторс» компаниясының 100% меншігіндегі кәсіпорын.

Зауыт құрылысын аяқтау 2025 жылдың басына жоспарланған. Автокөліктердің пилоттық өндірісі 2025 жылдың I тоқсанында басталады.
Өндіріске инвестиция
Алматының индустриалдық аймағындағы мультибрендті зауыттың құрылыс алаңы.