Hyundai Astana_desktop Hyundai Astana_tablet Hyundai Astana_mobile

Hyundai Astana

Астана қ, оң жағалау, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, 6/1 Жұмыс кестесі: 9:00 - 20:00Жұмыс кестесі: 9:00 - 20:00 customer@hyundai.kz

Анықтама үшін телефон:
+7 (7172) 270 404

astana.hyundai.kz
Оңтүстік Корея автоөндірушілерінің барлық стандарттарына сай келетін Hyundai компаниясының елордада алғашқы дилерлік орталығының ашылуы Астана және Ақмола облысы үшін маңызды оқиға болды. Орталықтың ашылуы аймақтағы автокөлік нарығының дамуына жаңа серпін берді. Hyundai Auto Астана іске қосылғаннан кейін, елордада ұсынылған жаңа көліктердің таңдауы көбейтілді. Автокөлік орталығында тұрақты негізде жаңа өнімдердің жүргізу сынақтары жүргізіледі. Сонымен қатар, дилерлік орталық аумағында автокөлікке қызмет көрсететін уәкілетті сервис орталығы, сондай-ақ қосалқы бөлшектер қоймасы ашылды. Hyundai Auto Astana автоорталығының жалпы ауданы 3 645 ш.м. құрайды.
Sales
сату
Spare parts
(қосалқы бөлшектер)
Service
(сервис)
2010 жылдың маусым айында Астана қаласында Hyundai Auto Astana автоорталығы ресми түрде өз есігін ашты. Ресми дилер «үш S» қағидасы бойынша жұмыс істейді: Sales (сату), Service (қызмет көрсету), Spare parts (қосалқы бөлшектер).
Біздің жұмысымыздың мақсаты - клиентеріміздің сұранысы мен қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бүгін біз 3S: sales, service, spare parts қағидасына негізделген сапалы қызметтердің толық спектрін ұсынамыз.
Сервистік қызмет көрсету
Сервистік қызмет көрсету
Біздің автоорталықта автокөлікке кәсіби жөндеу және техникалық қызмет көрсету, қораптық жұмыстар бойынша толық қызметтер спектрін алуға, сондай-ақ түпнұсқа қосалқы бөлшектер сатып алуға болады. Компанияда Hyundai Motor Kazakhstan ресми дистрибьюторының сертификациясынан өткен жоғары білікті мамандары кез-келген күрделі жөндеу жұмыстарын жасайды.
Қызметтер
  • диагностиканың барлық түрлері;
  • жүйедегі майды ауыстыру;
  • жүріс бөлігін жөндеу;
  • электр жабдықтарын жөндеу;
  • тежегіш жүйесін жөндеу;
  • қозғалтқыш белдіктері мен ГҮМ белдігін ауыстыру;
  • қозғалтқыштар мен агрегаттарды күрделі жөндеу.