- Компания туралы
- Әлеуметтік жобалар
- НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ "ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ" МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Коронавиус пандемиясымен күресте ерекше көзге түскен азамттар "Халық алғысы" медалімен марапатталды. Аталмыш медаль ҚР Президентінің жарлығымен індет кезінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметік қорғау және басқада көптеген салаларда қызмет еткен мамандарға берілді. Олардың арасында Astana Group компаниясының Президенті Нұрлан Смағұловта бар.
Сәуір айында Astana Group компаниясы коронавирустық инфекцияның таралуымен күресу үшін 100 миллион теңгенің жабдықтарын сатып алды. 17 заманауи стационарлық интеллектуалды жылубейнелегіш құралдар (тепловизор) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларына берілді. Бұл стационарлық жылубейнелегіштер ең озық қондырғылардың бірі болып табылады және температураны автоматты түрде, адамдардың денесіне жанаспай өлшеуге мүмкіндік береді. Аталмыш құралдар бүкіл әлем бойынша әуежайлар, сауда орталықтары, метролар, теміржол вокзалдары, банктер және басқада адамдар көп жиналатын жерлерде орнатылған.
"Астана Моторс" (Astana Group-тың еншілес кәсіпорны) компаниясы "multiFiltrate жедел диализ жүйесі" медициналық жабдықтарын (Германия) сатып алуға 51 миллион теңге бөлді және оны Нұр-Сұлтан қаласындағы фтизиопульмонология орталығына тапсырды.
Қазақстанда пандемия шарықтап тұрған кезде Astana Group компаниясы медициналық қызметкерлерге көмек қорын ұйымдастырды. Компания № 1 Қалалық клиникалық ауруханасының (Қалқаман) және Алматы қаласының жедел жәрдем ауруханасының қызметкерлерін тамақпен қамтамасыз етті. Күніне барлығы 1300 адам тамақтанды.
Сондай-ақ пандемия кезінде қиын материалдық жағдайға тап болған № 2 мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің отбасыларына атаулы көмек көрсетілді. Компания әр отбасыға қажеттіліктеріне сәйкес азық-түлік себеттерін жинады.
2020 жылдың мамыр айында Өзбекстан Республикасының Сардоба су қоймасындағы бөгеттің жарылуы салдарынан Мақтаарал ауданында 800-ден астам отбасы баспанасыз қалды. "Астана Моторс" компаниясы су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы Өргебас және Фирдоуси ауылдарының тұрғындары үшін жалпы сомасы 50,5 миллион теңгеге 400-ден астам жаңа жиһаз жиынтығын сатып алды.