«Астана Моторс» ҚМК-сы тұрақты түрде мәдениет, өнер, білім мен спортты дамытуға үлесін қосып, көптеген қоғамдық жобаларды қолдайды.
Олардың қатарында «Pro Team Astana» велокомандасына қолдау көрсету, «Бірінші болу батылдылық» атты қайырымдылық марафоны, «Алматы туры» халықаралық велосипед бәйгесі, «Қазақстан барысы» атты ұлттық қазақ күресі бойынша республикалық турнир, пауэрлифтинг пен бодибилдинг бойынша Азия Мега кубогы, велоспорт бойынша Азия чемпионаты, су полосы бойынша Әлем кубогы сияқты жобалар бар.
Компания жыл сайын қазақстандық суретшілердің көрмесін ұйымдастырады, еліміздің өнер туындыларының каталогтарын шығарады, ауылдық аймақтардағы дарынды балаларға білім гранттарын ұсынады, тірек-қимыл жүйесі нашар балаларға арналған Алматы №2 мектеп-интернатын қолдайды.
«Біздің компания қайырымдылық жұмыстармен, адамдарға көмек көрсетумен, мәдениет пен спортты қолдаумен жүйелі түрде айналысады. Бұл біздің тұжырымдамамыз, өмір салтымыз, философиямыз болып табылады».
«Астана Моторс» ҚМК-ның президенті Нұрлан Смагұлов