Нұрлан Смағұлов

Astana Group төрағасы

Басшылық

Нұрлан Смағұлов — тарихы  1992 жылы құрылған «Астана Моторс» ҚМК-нан бастау алатын Astana Group негізін қалаушы.

Нұрлан Еркебұланұлы — Қазақстандағы танымал кәсіпкер, меценат, № 2 коррекциялық  мектеп-интернатының қамқоршылық кеңесінің төрағасы.

1965 жылғы 2 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 1990 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Химия және биология» мамандығы бойынша бітірген. 1984–1986 жылдары әскер қатарында қызмет етті.

  • 1992 жылы «Астана Моторс» қазақ мотор компаниясының негізін қалады. Автокөлік компаниясының негізгі қызмет түрі — автокөліктерді жасау және сату, сервистік қызмет көрсету.
  • 1996–2002 жылдары «Азық-түлік корпорациясы» ЖАҚ-да қызмет атқарды.
  • 1996–2000 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңесшісі лауазымын атқарды.
  • 2003 жылы Mega Center Management негізін қалады.
  • 2006 жылы алғашқы «Mega Alma-Ata» сауда ойын-сауық орталығын құрды.
  • 2019 жылы Қазақстанның велосипед спорты федерациясының президенті болды.
  • 2020 жылы Нұрлан Смағұлов қайырымдылық қорын құрды.
  • 2021 жылы Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайының құрылысын бастады.

Марапаттары мен сыйлықтары:

  • 2007 жылы республика алдында сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» мемлекеттік орденімен марапатталды.
  • 2007 жылы ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
  • 2008 жылы «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталды.
  • 2009 жылы Ernst&Young халықаралық аудиторлық компаниясы ұйымдастырған «Жыл кәсіпкері» (Entrepreneur of the year award) халықаралық байқауының Ұлттық кезеңінің жеңімпазы атанды.
  • 2010 жылдың қорытындысы негізінде «Эксперт Қазақстан» журналының нұсқасы бойынша «Жыл кәсіпкері» болып танылды.
  • 2011 жылдан бастап Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендердің ондығына кіреді.
  • 2012 жылдың мамыр айында халықтың дауыс беруі нәтижесінде ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ел тұлғасы» байқауының «Бизнес» номинациясында жеңімпаз атанды.
  • 2014 жылдан бастап Қазақстандағы ең ірі рантье болып табылады (Forbes Kazakhstan рейтингісінде №1).
  • 2015 жылдың қорытындысы негізінде Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша «Жыл бизнесмені» болып танылды.
  • 2018 жылы өндірістік қызметте сіңірген еңбегі және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
  • 2019 жылы Алматы қаласының дамуына қосқан үлесі үшін «Еңбегi үшiн» белгісімен марапатталды.
  • 2020 жылы «Халық алғысы» медалімен марапатталды.
Бекнұр Несіпбаев

«Астана Моторс» ҚМК бас директоры

Бекнұр Мұратұлы компанияның бас директоры болып тағайындалғанға дейін «Астана Моторс» ҚМК-да 10 жыл еңбек етті. Еңбек жолын қосалқы бөлшектерді сату бөлімінің менеджері қызметінен бастады. Ары қарай қосалқы бөлшектер бөлімінің басшысы, техникалық директор, Hyundai Auto Astana дилерлік орталығының директоры, «Астана Моторс» ҚМК техника жөніндегі басқарушы директоры қызметтеріне тағайындалды.

2007 жылы «есеп және аудит» мамандығы бойынша Қазақстан-Ресей университетін аяқтады.

Руслан Омаров

«Астана Моторс» ҚМК қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Руслан Мұхтарұлы 12 жылдан астам уақыт бойы «Астана Групп» құрылымында жұмыс істейді. Мұнда қарапайым маманнан бастап компанияның топ-менеджеріне дейінгі жолды жүріп өтті.

Еңбек жолын девелоперлік бөлімшенің қаржы менеджері қызметінен бастаған ол әр жылдары «Астана Групп» компаниясының қаржы талдаушысы, кредиттік департаменттің директоры болып жұмыс істеген.

2017 жылы Руслан Омаров «Астана-Моторс» Моторлық компаниясы» ЖШС қаржы жөніндегі басқарушы директоры лауазымына тағайындалып, онда ұзақ мерзімді мақсаттар мен даму перспективаларына сүйеніп, компаниялар тобының қаржысын басқару, нарық конъюктурасын ескере отырып, қаржыландыру көздерін анықтау және стратегиялық қаржылық жоспарлау бойынша қойылған міндеттерді орындауға байланысты өзге де жұмыстарды жүзеге асырады.

2009 жылы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ «қаржы» мамандығы бойынша бітірді.

Кит Мэтью Симмонс

«Астана Моторс» дистрибьютерлік  желілерін дамыту жөніндегі директор

Кит Симмонс автокөлік саласында 30 жыл қызмет атқарып келеді. 2021 жылдың желтоқсан айына дейін Toyota Motor Kazakhstan президенті қызметін атқарды, Toyota Financial Services Kazakhstan Бақылаушы кеңесінің мүшесі болды.

Кит Мэтью Симмонс Ұлыбританияның тумасы. Плимут университетін бітірген, бизнес бакалавры дәрежесін және маркетинг дипломын алған, сонымен қатар Швейцарияда Лозанна қаласындағы Халықаралық басқаруды дамыту институтын (IMD) бітірген.

Бұдан бөлек, Симмонс мырза Ұлыбританиядағы Корольдік институтының маркетинг мамандығы бойынша беделді дипломына ие.

Симмонс мырзаның автокөлік саласындағы қызмет жолы 1992 жылы басталды. Ол Jaguar Land Rover, Toyota Motor Europe, Toyota Motor Russia және Toyota Motor Corporation Japan компанияларында басшылық қызметтер атқарды.

2017 жылы Кит Симмонс Toyota Motor Corporation еншілес компаниясы, Toyota және Lexus автокөліктерінің ресми импорттаушысы және дистрибьюторы болып саналатын Toyota Motor Kazakhstan президенті атанды.

Денис Коломацкий

Басқарма мүшесі, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор

Денис Александрович «Астана Моторс» құрылымында 2011 жылдан бері қызмет етіп келеді. Түрлі жылдары Астана мен Алматыдағы дилерлік орталықтарда директор, «Астана Моторс» дилерлік желісін дамыту жөніндегі басқарушы директор, Қазақстандағы Hyundai дистрибуциясы директоры лауазымдарын иеленді.

2023 жылғы тамыз айынан – «Астана Моторс» басқарма мүшесі және корей автобрендтері бизнесін дамыту жөніндегі директор.

Мәди Өтешев

«Астана Моторс» ҚМК мемлекеттік реттеу жөніндегі басқарушы директоры

Мемлекеттік реттеу, мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарға автомобильдер сатуды ілгерілету мәселелері бойынша бағыттарға, сондай-ақ корпоративтік мәмілелерге жетекшілік етеді. Жеке қаржы құрылымдарында, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс тәжірибесі бар. Микрокредиттік ұйымның басшысы, шетелдік компанияда басқарушы директор болып қызмет атқарып, ҚР ПІБ «Бүркіт» МӘК» РМК-да маманнан қызмет бастығына дейінгі сатылардан өтті.   

«Болашақ» бағдарламасының «Экономика және халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша түлегі (Ұлыбритания).

Ақылбек Анарбаев

«Астана Моторс» ҚМК бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор

Анарбаев Ақылбек Мүталұлы өзінің тағайындалуына дейін «Астана Моторс» ҚМК-да 16 жыл басқарушы директор болып жұмыс істеді.

Мансабын маркетинг жөніндегі менеджер лауазымынан бастады.

Кейін Subaru Kazakhstan дистрибуциясының маркетинг жөніндегі басшысы, директордың орынбасары, директоры және Haval Motor Kazakhstan дистрибуциясының директоры болды.

«Астана Моторс» ҚМК маркалы портфеліне кірген қытайлық әріптестермен табысты келіссөздер жүргізді.

Білімі: 2004 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Дархан Алимуканов

Дилерлік желіні дамыту жөніндегі директор

Дархан Алтынбекович «Астана Моторс» ҚМК компаниясындағы мансабын 2016 жылы жаңа автокөліктерді сату жөніндегі кеңесші лауазымынан бастады. Содан кейін жаңа автокөліктерді сату жөніндегі аға кеңесші, сату департаментінің директоры лауазымдарына тағайындалған, «Бавария Астана» және «Тойота Центр Астана» дилерлік орталықтарының директоры болған.

2023 жылдың 20 ақпанынан бастап «Астана Моторс» дилерлік желісін дамыту жөніндегі директор лауазымына тағайындалды.

Андрей Шарай

КМК «Астана Моторс» компаниясының жүрілген автомобильдерді сату жөніндегі даму директоры.

Андрей Шарай автобизнес саласында, соның ішінде басшылық қызметтерде көп жылдық тәжірибеге ие. 2022 жылы «Астана Моторс» командасына қосылды.

Кәсіби тәжірибесінде Volkswagen, Audi, Mercedes-Benz, Volvo, Chery, Geely, Haval, Changan, Hyundai, Toyota, BMW, Jaguar Land Rover, GWM сияқты автобрендтермен жұмыс істеген, сондай-ақ 7 дилерлік орталықтың ашылуы мен дамуына жетекшілік еткен. Оның басшылығымен дилерлік орталықтар Ресейдегі қытайлық автобрендтер арасында екі рет «Үздік дилерлік орталық» атағына ие болды.

Мукарама Каюмова

«Астана Моторс» ҚМК персоналмен жұмыс істеу жөніндегі директоры

Мукарама «Астана Моторс» командасына 2023 жылы Hyundai Trans Kazakhstan ЖШС-ның персоналды іріктеу және дамыту бөлімінің бастығы рөлінде қосылды. Жұмыс барысында ол кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін, стратегиялық ойлау қабілетін және персоналды басқару саласындағы терең сараптаманы көрсетті.

Стратегиялық басқаруды, бизнес-процестерді құруды, корпоративтік мәдениетті дамытуды және топ-менеджментті іріктеуді қоса алғанда, HR саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар.

1999 жылы «Психология» мамандығы бойынша А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген.

 

Дана Каримова

Маркетинг жөніндегі директор

Компанияның маркетинг бөлімшесіне және байланыс орталығына жетекшілік етеді. Қазақстандық және ірі халықаралық компаниялардың сату бөлімінде және маркетингінде, соның ішінде Орта Азия және Кавказ өңірі бойынша Мәскеудегі жауапкершілік аймағында көп жылдық тәжірибесі бар. Екі жоғары білімі бар. 

2003 жылы «Шет тілі пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.

2006 жылы «Экономика» мамандығы бойынша Инновациялық Еуразия университетін бітірген.

Александр Пальчиков

«Астана Моторс» ҚМК қаржы департаментінің жетекшісі

Компаниядағы еңбек жолын 2011 жылы бастап, әр жылдары «Астана Моторс» ҚМК-ның функционалдық басқаруына кіретін «Astana Motors Premium», «Auto Center Astana Motor» компанияларында қаржы директоры қызметін атқарды. 2016 жылы Басқарушы компанияға Қаржы департаментінің жетекшісі қызметіне ауысып, онда қаржы қызметін басқару және үйлестірумен айналысады.

2010 жылы Financial Management мамандығы бойынша KIMEP University бітіріп, сондай-ақ іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесіне ие.

Алексей Терре

"Астана-Моторс" ҚМК құрылыс жөніндегі басқарушы директоры

Алексей Владимировичтің автосауда саласында үлкен тәжірибесі бар. "Астана Моторс" құрылымында 2014 жылдан бастап жұмыс істейді, HYUNDAI дилерлік орталықтарында филиал директоры және техникалық директор лауазымдарын қоса алғанда, түрлі лауазымдарды атқарды. 2021 жылғы мамырдан 2023 жылғы қаңтарға дейін My car Almaty директоры болды, 2023 жылғы қаңтардан бастап Mycar Raiymbek және Chery Almaty директоры болып тағайындалды. 2024 жылғы 16 мамырдан бастап "Астана-Моторс" ҚМК құрылыс жөніндегі басқарушы директоры қызметіне кірісті.

2007 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, "Техника және технология" факультетін, "Көлік, көлік техникасы және технологиясы" мамандығы бойынша, сондай-ақ "АВШУ Аспандау" басқару академиясын бітіріп, 2018 жылы Master of Organization Administration дәрежесін алды.

Бекнұр Несіпбаев
Руслан Омаров
Кит Мэтью Симмонс
Денис Коломацкий
Мәди Өтешев
Ақылбек Анарбаев
Дархан Алимуканов
Андрей Шарай
Мукарама Каюмова
Дана Каримова
Александр Пальчиков
Алексей Терре
Бекнұр Несіпбаев
Руслан Омаров
Кит Мэтью Симмонс
Денис Коломацкий
Мәди Өтешев
Ақылбек Анарбаев
Дархан Алимуканов
Андрей Шарай
Мукарама Каюмова
Дана Каримова
Александр Пальчиков
Алексей Терре