Сервистік қызмет көрсету
Jaguar Land Rover Astana Motors компаниясы өз көлігіңіздің артықшылықтарын толық пайдалану үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Техникалық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету және клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру - бұл жұмыстың бір бөлігі ғана. Біздің дилерлік орталықта сервистік қызмет көрсету өндіруші зауыттың жоғары стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Сол себепті сіздің көлігіңіз сенімді қолда болады.