Сервистік қызмет көрсету
Subaru Motor Astana автоорталығының қызмет көрсету аймағы Fuji Heavy Industry бекіткен, автосервис саласындағы әлемдік стандарттарға сәйкес келетін заманауи диагностикалық және жөндеу қондырғыларымен жабдықталған. Автоорталықта автосервистің толық спектрі ұсынылған. Күнделікті техникалық қызмет көрсетуден бастап автокөліктерді күрделі жөндеуден өткізу, оның ішінде шанақ және бояу жұмыстары да кіреді. Сервистік орталық өндіруші зауыт кепілдік берген, Жапония, АҚШ және Еуропада жасалған Subaru брендінің түпнұсқа қосалқы бөлшектері және аксессуарларымен ғана жұмыс істейді. Жапондық автокөліктерді жөндеуге маманданған автоорталықтың механиктері де Жапониядағы Subaru оқу орталығында арнайы дайындықтан және біліктілікті арттыру курсынан өтеді.