Мансап

Смагулов
«Біздің басты құндылығымыз – адамдар. Біздің компанияларымыз нарықтағы көшбасшылық орны үшін дәл сол адамдарға, яғни ізденіс үстінде жүретін, бейжай қарамайтын, дамығысы, өзгергісі және өскісі келетін адамдарға қарыздар»
Нұрлан Смағұлов
Astana Group төрағасы
«Астана Моторс» өзінің нарықтағы көшбасшылық жағдайы үшін едәуір бөлігі компания құрылған күннен бастап еңбек етіп жатқан ұжымына қарыздар деп сеніммен айтуға болады. Біз жас, өршіл әрі дарынды, еңбектерінің жемісі үшін жауапкершіліктерін бөлісуге дайын мамандарды әрдайым қуана қарсы аламыз!

Компаниямыздағы ашық бос орындар үшін конкурсқа қатысу үшін:

  • түйіндемеңізді e-mail: hr@astana-motors.kz мекенжайы бойынша бізге жібере аласыз
  • түйіндемеңізді біздің кез келген дилерлік орталықтарымыздың тіркеу бөліміне қалдыра аласыз

Хат тақырыбына тегіңізді, атыңызды және талаптанған лауазымыңызды көрсетуді сұраймыз.

Егер сіздің тәжірибеңіз бен біліктілігіңіз талаптарға сай келсе, сізді міндетті түрде сұхбаттасуға шақырамыз. Келіп түскен барлық түйіндеме дерекқорға түседі, жаңа лауазымдар ашылғанда, біз бірінші кезекте сол дерекқордан іздейміз.

Бос жұмыс орындары

Алматы қаласына Қаржы талдаушысы

Толғырақ

Кадр жұмыстары жөніндегі менеджер

Толғырақ

Клиенттерге қолдау көрсету маманы

Толғырақ