«Астана Моторс» компаниясы құрамындағы автокомпоненттер шығаратын технопарк Алматы қаласының Индустриялық аймағында жұмыс істеп тұрған Hyundai Trans Kazakhstan зауытының жанындағы 100 мың шаршы метр алаңда орналасқан.
Автокөліктерге арналған мультимедиалық жүйелер шығаратын зауыт
Мультимедиалық жүйелер шығаратын кәсіпорын 2024 жылдың күзінде пайдалануға берілді. Кәсіпорынның өндірістік үй-жайларының ауданы шамамен 1400 шаршы метрді құрайды. Өндірістік қуаттылығы – жылына 100 мың мультимедиалық жүйе. Зауыт шығаратын электрондық аудио- және бейнежабдықтар қазірдің өзінде Hyundai Trans Kazakhstan Алматы зауытына жеткізіліп жатыр.