Changan Kazakhstan_desktop Changan Kazakhstan_tablet Changan Kazakhstan_mobile

Changan Kazakhstan

Алматы қ., Нұрлан Қаппаров көшесі, 380 үй, 2 т.е.ү. info@changan-auto.kz

Сайт: changan-auto.kz

changan-auto.kz
Silkway Auto Kazakhstan «Астана Моторс» еншілес компаниясы және Changan қытайлық бренд автомобильдерінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы болып табылады. Changan брендінің 160 жылдық тарихы бар. Қытай тілінде брендтің атауы екі иероглифтен тұрады: Chang – ұзақ мерзімді және Аn – қауіпсіздік.
Changan International Corporation қытайлық автобрендтер арасында әлемде бірінші орынға ие және әлемдік автоөнеркәсіптің технологиялық көшбасшыларының ондығына кіреді. Компания халықаралық R&D-орталықтар желісін құрды. Қытайдағы, Жапониядағы, Италиядағы, Германиядағы, Ұлыбританиядағы және АҚШ-тағы Changan қызметкерлері соңғы 16 жыл бойы инновациялық технологиялар мен дизайндағы зерттеулермен, әзірлемелермен айналысуда. R&D-орталықтарына жыл сайынғы инвестициялар көлемі концерн түсімінің 5%-дан астамын құрайды.
Қалалық, бірақ батыл мінезі бар стильді кроссоверлер!

1862 жылы негізі қаланған Changan бүкіл әлем  сатылған автокөліктері бойынша 20 миллион  көрсеткішін еңсерген алғашқы қытайлық бренд болды. Changan компаниясының жеке краш-тесттер зертханасы және Азиядағы ең үлкен тест жасау полигоны бар, онда автокөліктердің жүру сапасын тексеру үшін 70-тен астам түрлі жол жабындары қолданылады. Озық идеялар мен жоғары сапа компанияға өзінің клиенттік аудиториясын кеңейтуге және 2021 жылы әлемнің 70 елінде 2,3 миллион автокөлік сатуға мүмкіндік берді.

Changan қазақстандық нарықтағы алғашқы қадамы ретінде бірінші өз желісіндегі ең танымал автокөліктерін таңдады. Журналистер олардағы техникалық жаңа өнімдердің сапасы мен санына байланысты «гаджет-көлік» деп атады.

Біздің дилер болу үшін

Changan дилерлік желісі Қазақстанның келесі 14 қаласында ұсынылған:
Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Орал, Ақтөбе, Атырау, Семей, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Түркістан.

Ынтымақтастықтың артықшылықтары:

  • Қытай Халық Республикасындағы жетекші автокөлік өндірушілерінің бірімен жұмыс істеу мүмкіндігі;
  • Қазақстан нарығында ұзақ мерзімді даму стратегиясы бар, қарқынды өсіп келе жатқан автокөлік бренді;
  • Табысты бизнес жүргізуге қажетті құралдармен қамтамасыз етілген тұрақты серіктестік қарым-қатынас;
  • Әр серіктеске жекелеген көзқарас;
  • Сұранысқа ие, теңгерімді және үнемі жаңартылып отыратын автокөлік модельдерінің қатары;
  • Нарыққа бейімделген баға саясаты;
  • Жарнамалық және PR-қолдау;
  • Клиенттерге арналған арнайы несиелік ұсыныстар;
  • Дистрибьютор есебінен жедел логистика;
  • Икемді кепілдік саясаты;
  • Қосалқы бөлшектердің орталық қоймасының қолжетімділігі.

Болашақ серіктестерден күтілетін талаптар:

  • Автокөлік бизнесінде тәжірибе болуы;
  • Кәсіби мамандардан құралған команда;
  • Қаржылық тұрақтылық;
  • Changan брендін дамытуға инвестиция салуға дайындық.

Басымдық берілген даму аймақтары:

  • Астана қ.
  • Алматы қ.
  • Тараз қ.
  • Петропавловск қ.
  • Талдықорған қ.
  • Жезқазған қ.
  • Екібастұз қ.
Өтінімді қалдыру
Алматы
Барлық жолақтарды толтыру міндетті

Дилерлік желі

Астана
Алматы
Аймақтар
Changan Ustkamenogorsk