«Golden Dragon» төменгі еденді автобусының кең салонында барлық қауіпсіздік, бейнебақылау, ақпараттандыру, диспетчер жүйелері және кондиционер бар. Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға ыңғайлы болу үшін арнайы автоматты пандустар қарастырылған.
Қазақстанда жасалған Golden Dragon автобустарының құны қазақстандық автокөлік нарығы үшін бәсекелестік қабілеттілігі жоғары. Golden Dragon автобустары Қазақстанда ұсынылған осы сияқты автобустардан әлдеқайда арзан. Құны бойынша айырмашылық шамамен 10% құрайды. Автобустарды лизингке де, Өнеркәсіпті дамыту қорының арнайы бағдарламасы арқылы да сатып алуға болады. Сонымен қатар «Астана Моторс» тұтынушылар мен автобус парктеріне сервистік қызметтің әртүрлі нұсқаларын таңдауға ұсынуға ниеттеніп отыр. Біріншіден, бұл мобильді қызмет – компанияның техникалық мамандары жұмыстан тыс уақытта автотұрақтардың аумағында және рейс кезінде автобус жолда бұзылған жағдайларда сервистік қызметтер көрсетеді. Екіншіден, автобусты сатқан кезде клиент 100 000 км жүріп өтетін жолына дейін техникалық қызмет көрсетуге қажетті түпнұсқа қосалқы бөлшектердің толық тізімін алу мүмкіндігіне ие болады.