Astana Motors Manufacturing Kazakhstan_desktop Astana Motors Manufacturing Kazakhstan_tablet Astana Motors Manufacturing Kazakhstan_mobile

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan

Жеңіл автокөліктер
Алматы қ., «Индустриалдық аймақ – Алматы» i.baigaliyeva@astana-motors.kz
astana-motors.kz
Astana Motors компаниясының құрамындағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan кәсіпорны – жеңіл автокөліктерді шығару бойынша толық циклді зауыт.
2022 жылдың қыркүйегінде Astana Motors компаниясы Chery Automobile Company, Changan International Corporation және Great Wall Motor автокөлік өндірушілерімен меморандумдарға қол қойып, компанияның Қазақстанда қытай брендінің көліктер шығару құқығын растады.

 

 

 

Мультибрендті зауыт
Мультибрендті зауыт

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) — өз алаңында бірден үш жетекші қытай брендінің, атап айтқанда Chery, Changan және Great Wall Motor (Haval және Tank) автокөліктерінің өндірісін біріктірген әлемдегі алғашқы мультибрендті зауыт.

Зауыт Алматы қаласының Индустриалды аймағында орналасқан. Оның аумағының жалпы ауданы 309 мың шаршы метрді,  ал өндірістік кешеннің ауданы 211 000 шаршы метрді құрайды.

Зауыттың өндірістік қуаты дәнекерлеу, бояу және құрастыру сияқты негізгі технологиялық процестерді қолдана отырып, ұсақ түйінді өндіріс әдісімен жылына 120 000 көлік шығаруға есептелген. Зауыт жобалық қуатына шыққанда 3600 адамды жұмыспен қамтиды.

Өндірістік жабдықтарды автоөнеркәсіп саласындағы әлемдік көшбасшы Automotive Engineering Corporation (Қытай) қамтамасыз етті. Оның клиенттері қатарында BMW, Hyundai, Toyota, Jaguar, LandRover, BYD, Mercedes-Benz, Volkswagen және т.б. ірі автоконцерндер бар. Automotive Engineering Corporation 30 000-нан астам жобаны жүзеге асырып, әлемдегі шамамен 80% зауытқа жабдықтар жеткізді. 

AMMKZ аумағында роботтандырылған және автоматтандырылған дәнекерлеу, құрастыру цехтары, компоненттер мен дайын өнім қоймасы, шанақтарды бөлудің автоматты қоймасы, салмақ өлшеу орны, сынақ полигоны, лак-бояу қоймасы, инженерлік желілер, әкімшілік-тұрмыстық корпус және т.б. нысандар орналасқан.

Өндіріс жұмыстарына 54 робот атсалысады:

  • дәнекерлеу цехында шанақ элементтері қосылымдарының жоғары дәлдігін және сапасын қамтамасыз ететін 17 Fanuc роботы іске қосылды.
  • бояу цехы 34 робот және ABB маркалы атомайзерлермен жабдықталған. Бұған қоса антикоррозиялық өңдеуге арналған 20 ваннадан тұратын катафорез желісі орнатылды.  
  • құрастыру цехында бөлшектерді дәл орнату және жұмыс процесінің тиімділігін арттыру үшін 3 Fanuc роботы жұмыс істейді.
Өндірістік жабдықтарды
Роботтандырылған және автоматтандырылған дәнекерлеу

Жоба Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты. 

Лицензиялық келісімдер бойынша автокөліктер шығаратын кәсіпорын 100% Astana Motors компаниясына тиесілі.

Өндіріске инвестиция
Алматының индустриалдық аймағындағы мультибрендті зауыттың құрылыс алаңы.