2012 жылы Hyundai Trans Almaty зауыты 18-28 отыратын орны бар жолаушылар Hyundai County автобустарын шығаруды бастады. Автобус Euro 4 стандарттарын қолдап, экологиялық ортаның айтарлықтай жақсаруына әсер етеді. Сондай-ақ, County автобусының негізінде өнеркәсіп County Ambulance реанимобилінің өндірісін жолға салды.
Модельдік қатарда Hyundai HD 45 HD 65, HD 72, HD 78, HD 120, HD 170, HD 260, HD 270 шасси негізіндегі жүк көтергіштігі 2 тоннадан бастап 20 тоннаға дейінгі техника ұсынылған. Олар: жүк көліктері, бортты автомобильдер, фургондар, аударғыштар, тоңазытқыш көліктері, қоқыс жинау көліктері, эвакуаторлар, автомұнаралар, манипуляторлар мен өзге де қоғамдық және мамандандырылған техника. Бұл баға мен сапа тұрғысынан үздік ұсыныс.