Сервистік қызмет көрсету
Ауданы 577 ш.м. техникалық қызмет көрсету станциясы заманауи құралдармен жабдықталған. Станция автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу және диагностикалаудың толық спектрін ұсынады. Қызмет көрсету толығымен автоматтандырылған (сұраныс беруден бастау тұтынушыға дайын авто көлік беруге дейін) және осыдан бөлек, қызмет көрсету орталығы Hyundai моделінің GDS2 жаңа ұрпақтарына арналған диагностикалық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Қызмет көрсету орталығының басты құндылығы - жоғары білікті, HSTEP & HTRP (Hyundai Service Technician Education Program & Hyundai Technician Recognition Program) бағдарламаның арқылы оқытылған және аттестатталған мамандар болып табылады.