Genesis Almaty_desktop Genesis Almaty_tablet Genesis Almaty_mobile

Genesis Almaty

Әл-Фараби даңғылы 115/1 Info@genesis.kz

Анықтама үшін телефон:

+7 775 330 86 86

www.genesis.com/kz
9 қыркүйекте Алматыда Genesis премиум корей брендінің Қазақстандағы алғашқы ресми дилерлік орталығы ашылды. Genesis дистрибуциясы Astana Motors құрамына кіреді және автоорталықтың құрылысына компания 2 млрд теңгеден астам (шамамен 4 млн доллар) инвестиция салды. Ауданы 2 200 шаршы метрді құрайтын Genesis Almaty флагманды дилерлік орталығы қаланың орталық көлік тораптарының бірі Әл-Фараби даңғылы мен Серкебаев көшесінің қиылысында орналасқан.
Салтанатты ашылу рәсіміне Корея Республикасынан Genesis брендіне иелік ететін Hyundai Motor Company компаниясының топ-менеджерлерінен құралған делегациясы қатысты. Олардың қатарында Hyundai Motor Company атқарушы вице-президенті О Ыккюн (Oh Ickkyun), Hyundai Motor Company атқарушы вице-президенті және жаһандық операциялар бөлімінің басшысы Ли Ёнхо мырза (Lee Yeongho) және Hyundai Motor Company вице-президенті, Genesis бизнесін басқару Кеңсесінің басшысы Чой Ук мырза (Choi Uk) болды. Алматыдағы орталықтың ашылуына аталған тұлғалардың шараға қатысуы Genesis брендінің дамуы үшін аймақтағы стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.
750 шаршы метр аумақта көрме залы, саябақ және лаундж-аймақ және 500 шаршы метр халықаралық стандарттарға сәйкес қызмет көрсетуге арналған сервистік блок орналасқан. Дилерлік орталық клиенттерге қызмет көрсетудің кеңейтілген форматтарын, атап айтқанда, автокөлікті ыңғайлы мекен-жайға жеткізетін жылжымалы тест-драйв және көлікті үйден алып кетіп қайта жеткізетін Home to Home қызметін ұсынады.