НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ЛИФТ ОРНАТЫЛДЫ
20 Мамыр 2021

2021 жылдың мамырында Нұрлан Смағұлов қорының қолдауымен "ЕРЗИ" мүгедектер қауымдастығы ғимаратында лифт шахтасы салынып, лифт орнатылды. 5 қабатты ғимаратта орнатылған лифт мүгедектер арбасымен еркін жүруге және ғимараттың барлық қабаттарын оңалту орталығы ретінде пайдалануға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, Нұрлан Смағұлов қорының серіктесі Atasu Group логистикалық компаниясы қауымдастыққа мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған екі заманауи тренажер сыйлады.

Аязбаева Ажар, 26 жаста: "Мен бала күнімнен 1-ші топтағы мүгедекпін. ЕРЗИ-ге келіп жүргеніме бесінші жыл болды. Осы уақыт ішінде менің физикалық жағдайым жақсарды, ал менің ауруыммен мұны істеу өте қиын, өйткені менде бұлшықеттердің атрофиясы бар. Мен тренажерларда, кілемшеде жұмыс жасаймын, сонымен қатар психологқа барамын. Мұнда команда мейірімді және қонақжай. ЕРЗИ-дің негізін қалаушы Ербол Игембергенов — қайрымды, әділ және жанашыр адам, ол әрқашан жақсы сөздер айтып, қолдап отырады. Орталықтың тамақтары өте дәмді. Кейде бәріміз табиғатқа шығамыз, сонымен қатар қаланы аралап, демалыс ұйымдастырамыз. Биыл біз үшін лифт орнатты, қазір басқа қабаттарда жөндеу жұмыстарын жүргізуде, жаңа қондырғылар сатып алды, мұның бәрі Ерболдың ұйымдастыруы, Нұрлан Смағұлов пен Марат Жұманның арқасында, бәріне алғысымды білдіремін. Біздің қалада мұндай орталық жоқ, сондықтан біз сияқты мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бұл орталық - қарым-қатынас пен физикалық жағдайды қолдаудың, қоғамға бейімделудің бірден-бір мүмкіндігі. Орталық қаламыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуді әрі қарай жалғастыра береді деп сенемін".