- Компания туралы
- Әлеуметтік жобалар
- НҰРЛАН СМАҒҰЛОВТЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН МЕДЕУДЕ АЛЬПИНИСТ БУКРЕЕВКЕ МҮСІН ҚОЙЫЛДЫ
ФОТО: баспасөз қызметінің архиві
Конькишілер бейнеленген барельефтің жанында биік таудағы «Медеу» мұз айдынында денесін бос ұстаған, иықтары сәл түскен, жылы шырайлы, аздап шаршаған, демалып отырған адамның мүсіні пайда болды. Танымал қазақстандық альпинист Анатолий Букреевтің мұндай кейпін, сірә, тек командасындағы адамдар мен жақын достары көрген болар. Олардың еске алуы, бизнесмен Нұрлан Смағұловтың бастамасы және Нұрлан Далбайдың таланты арқасында Алматыға «Қар барысы» бұл жолы қола мүсінде қайтып келді...
Танымал қазақстандық меценаттың өршіл жобасы алматылықтардың көз алдында іске асуда: қаланың белгілі тарихи жерлерінде қаланың танымал әрі сүйікті тұрғындары пайда болуда.
Осылайша, Шәкен Аймановтың мүсіні 2019 жылы «Алматы» қонақүйінің жанында орнатылған болатын. Дәл осы жерде сол уақыттағы шығармашылық интеллигенция бас қосып, осы жерде «Тақиялы періште» фильмінің түсірілімдері жүргізілген еді. Екіншісі, Герольда Бельгерге қойылған мүсін 2021 жылы ашылды, ол Герольд Карловичтің соңғы жылдары тұрған үйінен алыс емес. Мэтрдің демалғанда отыратын, сол бір жақсы көретін орындығын қола орындық алмастырды. Нұрлан Смағұлов қорының директоры Айдын Сұлтановтың айтуынша, қазір «Біздің сүйікті дәрігеріміз» Юрий Померанцевтің мүсінімен жұмыс жүргізілуде. Ол осы жылы Лермонтов атындағы театрдың жанына қойылады.
Айдын Сұлтанов
ФОТО: баспасөз қызметінің архиві
«Қалалық мүсін» форматы әдейі таңдалды. «Қала тарихы – біздің әрқайсымыздың тарихымыз. Біздің ұстаздарымыз, пір тұтатын тұлғалар, танымал адамдар бізбен бірге бір аулада өсті... Бұны есте сақтау қажет және біз оған қол ұшымызды тигізе аламыз», - дейді Нұрлан Смағұлов.
Шындығында аңыз тұлға Анатолий Букреевтің биіктігі 2 метр қола мүсінін сезіну үшін енді маңғаздана қараудың қажеті жоқ. Ал ол болса сегізмыңдық шыңдарды бағындырған болатын…
Альпинистер – көпшілік алдына шыға бермейтін адамдар, олардың фотосуреттері де, бейнемұрағаттары да аз. Нұрлан Далбайдың айтуынша, ол мүсінмен жұмыс істей бастағанда оған Ержан Ильинский, Галина Муленкова, Ринат Хайбуллин кеңес берген. Олардың барлығы Анатолийді барынша еске алуға, сол кездегі уақытты және Букреевтің бейнесін мүмкіндігінше дәл жеткізуге тырысты.
«Кез келген мүсінмен жұмыс істегенде мен материалды барынша зерттеуге тырысамын, кітаптар оқимын, фотосуреттерді, фильмдерді, жалпы не бар соның барлығын қараймын. Егер ол адамды жақын танығандар болса, басымда, қолымда образ, мимика, қимылдар қалыптасу үшін сол адамдармен сөйлесемін - дейді Нұрлан Далбай. - Ал бұл жолы мен өзім өткен шаққа оралдым... Мен де тау шаңғысымен айналысқанмын, жақын болмасада, Анатолий Букреевті, Дмитрий Соболевті, Ринат Хайбуллинді, «тау клубының» көптеген мүшелерін білетін едім. Экспедициядан кейін Анатолий жиі достарына өз заттарын сыйлайтын, осылайша мен оның рюкзагына, хаттарына ие болдым. Мен өзім оның барлық кітаптарын жинадым... Сол кезде 1997 жылы өзім үшін Букреевтің шағын портретін салдым, бірақ ешкімге көрсетпедім.
ФОТО: баспасөз қызметінің архиві
Қарапайым әрі аңызға айналған Анатолий Букреев – «Жеке ерлігі үшін» орденінің кавалері (1989). Өз өміріне төнген қауіпке қарамастан, тауда адамдарды құтқарған альпинистерге табысталатын Америка альпклубының ең жоғарғы марапаты – Дэвид Соулс медаліне лайық деп танылған. Дүниеден озғаннан кейін қазақстандық «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Дәл осы тұлға Эверестте үш адамды құтқарған болатын. Бұл керемет оқиға екі кинорежиссер мен екі жазушыға шабыт берді. Ал Анатолийге тек таулар шабыт беретін. Оның жоспарында кезекті он бірінші сегізмыңдық шың болатын.
«Ол Қазақстанға 1979 жылы келді, бұған дейін шаңғы жарыстарымен шұғылданып, элиталық дивизион – Орта Азия әскери округі армиясының спорт клубына Ерванд Ильинскийге келді. 80-жылдардың басында ол мықты команда құрды. Бірінші дәрежелі спортшы Анатолий қатал іріктеуден өтіп, Канченджанга тауына екінші кеңестік гималайлық экспедициясының құрамына кірді. Альпинистер ғарышкерлер отрядына осылай таңдалған болар деп ойлады», – дейді Букреев туралы кітап жазған Галина Муленкова. Алайда бұл адамның өмірі түрлі оқиғаларға толы.
Әрине, Анатолийді тау шыңын бағындырудағы жеңістері таңғалдырады: 11 сегізмыңдық, Эверестке төрт мәрте шығу, Букреев 8 мың метр биіктікті оттегісіз 21 рет бағындырған және жағымсыз танымалдылығы бойынша Эвересттен кем түспейтін Гималайдағы Аннапурна шыңына шығуға дайындалған. Анатолий әлемнің барлық 14 ең биік шыңын бағындырған алғашқы он альпинистің қатарына кіргісі келді.
«Кітап жазу барысында, мен Анатолий басқа командаға, басқа жаттықтырушыға кездескенде не болар еді деп жиі ойладым. Бұл оның тағдырын өзгерте алушы ма еді? 1997 жылы Орталық Тянь-Шаньда альпинизмнің әлемдік жұлдызы, жер шарындағы барлық сегіз мыңдық шыңды бағындырған алғашқы адам – Райнхольд Месснер болды. Бәлкім, дәл Месснер Аннапурнаға қысқы экспедиция мақсатын қойған болар: «Жай ғана тағы да бірнеше сегізмыңдыққа көтерілу. Бұған тағы екі-үш жыл жұмсау. Одан да Қазақстан құрамасы жасағандай қалыптан тыс спорттық шыңға шығу қызықтырақ» – ал біздің альпинистер биік тауларда техникалық қиын маршруттармен жүрді», - дейді Муленкова.
Нұрлан Смағұлов өзі бірнеше рет Непалда болып, мұндай шыңға көтерілу, тек шыңында көрінетін ондағы көкжиек сызығы, – бұл нағыз жеңіс сезімі. Бұдан кейін ешқашан құламайсың, еш уақытта жеңіліс таппайсың. Бәлкім осы сезім үлкен достықтың бастамасы болды: бизнесмен Қазақстанда альпинизмнің дамуына көп үлес қосты. Ол бірнеше рет альпинизм бойынша Қазақстан құрамасына демеуші болды, Гималай мен Қарақорымға бірнеше экспедицияны ұйымдастыруға жәрдемдесті, командамызға «Әлемнің 14 ең биік шыңы» бағдарламасын орындауда ілгері жылжуға көмектесті.
Галина Муленкова
ФОТО: баспасөз қызметінің архиві
Галины Муленкованың айтуынша, «Нұрлан Еркебұланұлының қосқан үлесі мен көмегі баға жетпес, десе де Анатолийдің мүсіні – ең керемет оқиға болды. Алматы үшін керемет оқиға! Менің білуімше дәл альпинистерге қойылған атаулы ескерткіштер өте аз. Олардың ішінде Шоманидегі алғаш Монблан тауына шыққан Жак Бальма мен Мишель-Габриэль Паккард ескерткішін, Лхасадағы 1960 жылы Эверест шыңын бағындырған қытай альпинистік командасы – Ван Фучжоу, Гонпо және Цюй Иньхуа монументін, Эверест шыңына алғаш шыққан Тенцинг Норгей мен Эдмунд Хиллари ескерткішін айтуға болады».
2023 жылдың 18 қаңтарында Анатолий Букреев ақыры Медеу шатқалына оралды. Оның бейнесінің қола көшірмесі тауға ғашық жаңа шыңдарды бағындырушыларға сәтті сапар тілейді.