"Астана Моторс" компаниясы сенбілік өткізді
8 Сәуір 2023

Бүгін тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №2 мамандандырылған мектеп-интернат аумағында сенбілік өтіп, нәтижесінде 600-ден астам қап қоқыс шығарылды!

Іс-шараға "Астана Моторс", Hyundai, Chery брендтерінің және My Ventures венчурлық қорының қызметкерлері қатысты.

slider_236
slider_237
slider_238
slider_239
slider_240
slider_241
 

Интернат аумағында тазалық пен күтімді талап ететін үлкен бақша бар.

“Астана Моторс” және оның құрамындағы барлық компания бұл мекемеге  жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Мысалы, оңалту үшін қажетті жабдықтарды сатып алады, балақайлар үшін мейрамдар ұйымдастырады, жөндеу жұмыстарын жүргізеді және қатардағы қызметкерден бастап топ-менеджерге дейін қатысатын сенбіліктер өткізеді.

Сонымен бірге, дилерлік орталықтарға жақын аумақтарды ретке келтіруге Jaguar, Land Rover, Subaru, Mycar, BMW қызметкерлері кірісті.