- Компания туралы
- Әлеуметтік жобалар
- Қазақстандағы Chery дистрибьюторы Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге жәрдем ретінде 14 миллион теңге жіберді
Қазақстандағы Chery дистрибьюторы Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге жәрдем ретінде 14 миллион теңге жіберді
13 Маусым 2023
«Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін Қазақстандағы Chery ресми дистрибьюторы Абай облысындағы өрттен зардап шеккендер үшін «АҚ ЕРТIС» қоғамдық қорына 14 миллион теңге жіберді.
Қазақстандағы Chery директоры Нұрлан Шамғонов: «Абай облысындағы қасіретке байланысты қазақстандықтармен бірге аза тұтамыз, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамыз және зардап шеккен отандастарымызға жіберілген қаражат осы ауыр сынақтан өту үшін демеу болады деп үміттенеміз».