Жаңалықтар
Hyundai COVID-19 жұқтырған науқастар үшін жабдық сатып алды
Hyundai компаниясы бүкіл әлем бойынша коронавируспен күресуде көмек көрсетуде.
Astana Group компаниясы Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 50 млн теңге бөлді
2020 жылдың мамыр айында Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті жарылды. Үлкен судың зардаптары Қазақстан территориясына да жетті: Түркістан облысының Мақтаарал ауданының бірнеше ауылдарын су алып, 1000 отбасы баспанасыз қалды.
ASTANA GROUP МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ КӨМЕК ҚОРЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Сәуір айының басынан бері компания №1 Қалалық клиникалық ауруханасы (Қалқаман) мен Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қызметкерлеріне күнделікті түскі ас жеткізіп отырды. Барлығы 1300 адам тамақпен қамтамасыз етілді.
ҮЙДЕН ШЫҚПАЙ КӨЛІК АЛЫҢЫЗ
"Астана Моторс" компаниясының дилерлерінен автокөлікті онлайн сатып алу қызметі
ASTANA GROUP COVID-19 ҚАРСЫ КҮРЕСУ ҮШІН 100 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ ЖАБДЫҚТАРЫН САТЫП АЛДЫ
Сәуір айында Astana Group компаниясы коронавирустық инфекцияның таралуымен күресу үшін 100 миллион теңгенің жабдықтарын сатып алды. 17 заманауи стационарлық интеллектуалды жылубейнелегіш құралдар (тепловизор) Нұр-Сұлтан (6 дана), Алматы (6 дана), Шымкент (3 дана), Қарағанды (2 дана) қалаларына берілді. Олардың қайда орнатылатындығын жергілікті атқарушы органдар анықтайды.
Қарағандыда премиум санаттағы Hyundai дилерлік орталығы ашылды
Hyundai Premium Karaganda – бұл әлемдік бренд автокөліктерінің желісін ұсынатын Қарағанды қаласындағы жаңа Hyundai ресми дилерлік орталығы.
Hyundai беретін жаңа мүмкіндіктер: Алматыда жаңа Hyundai Premium Batys дилерлік орталығы ашылды
Ауданы 1 600 шаршы метрді құрайтын дилерлік орталық Алматы қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, бұл Қазақстанның ең ірі мегаполисінің инфрақұрылымын дамытуға оң әсерін тигізеді. Жаңа автоорталықтың ашылуы 70-тен астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
«АСТАНА МОТОРС»: ҚОҒАМНЫҢ РУХАНИ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ
"Астана Моторс" компаниясы Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Мемлекеттік академиялық орыс театрының 75 жылдығына Hyundai Elantra автомобилін табыстап, ерекше сыйлық жасады.
2019 ЖЫЛ «АСТАНА МОТОРС» КОМПАНИЯСЫ ҮШІН РЕКОРДТЫ БОЛДЫ
2019 жылы Қазақстан автомобильдер нарығы жағымды динамика көрсетті. Алдын ала деректер бойынша, өткен жылы елімізде 74 000-нан астам автомобиль (коммерциялық техниканы қоса есептегенде) сатылған, бұл 2018 жылмен салыстырғанда (60 928 бірл.) 21,5%-ға артық.
SUBARU – ӨЗ ҚАТАРЫНДАҒЫ ЕҢ ҚАУІПСІЗ АВТОМОБИЛЬ
Euro NCAP 2019-шы жылдың нәтижесін жариялады, оған сәйкес Subaru автомобильдері қауіпсіздігі жағынан ең жоғары ұпайға ие болды.
ЖАҢА GOLDEN DRAGON АЛМАТЫЛЫҚТАРДЫ ЖАЙЛЫ ТАСЫМАЛДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ
Қазақстандық өндірістен шыққан жаңа 60 экологиялық "сырнай" автобустар қалалық жолдарда өз жұмысын бастады.