Hyundai COVID-19 жұқтырған науқастар үшін жабдық сатып алды

Hyundai компаниясы бүкіл әлем бойынша коронавируспен күресуде көмек көрсетуде.

Ғаламдық бастаманы қолдай отырып, "Астана Моторс" құрамына кіретін Hyundai Auto Kazakhstan "multi Filtrate жедел диализ жүйесін"  (Германия) сатып алуға 51 млн теңге бөлді және оны Нұр-сұлтан қалалық фтизиопульмонология орталығына тапсырды.  

Бүгін госпитальде 150 астам науқас ем қабылдауда. Олардың арасынан 5 ауыр науқас реанимация бөлімшесінде, сонымен қатар өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратына қосылғандар бар. Екі науқастың жағдайы қиын, оларға ұзақ мерзімді алмастырғыш терапия жүргізу керек, оны орталыққа Hyundai Auto Kazakhstan компаниясымен тапсырылған жедел гемодиализға арналған аппараттар қамтамасыз етеді.

 

«Бұл науқастарға арналған өмірлік қажеттілігі бар аппараттар. Олардың артықшылығы – тұрақты режимде гемодиафильтрацияны қамтамасыз ету мүмкіншілігінде. Біз Hyundai Auto Kazakhstan компаниясына коронавирус пандемиясымен күресуде қосқан құнды үлесі үшін алғыс білдіреміз», - деп қалалық жұқпалы аурулар орталығының бас дәрігері Анна Цепке атап өтті.

COVID-19 жұқтырған науқастарға көмек көрсету үшін «multi Filtrate жедел диализ жүйесі» қажетті аппараттарды сатып алу туралы шешім Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша қабылданды.

«Біздің дәрігерлерге емдеу үрдісі барысында осындай жоғары технологиялық медицина жабдығын қолдану қажет, өйткені жұқтырған инфекциядан кейін науқастарда пайда болатын күрделі қиындықтар бар, атап айтқанда, бүйрек жұмысының бұзылуына байланысты. Біз Hyundai компаниясының басшылығына көрсеткен үлкен қолдауы үшін алғыс білдіреміз», – деп Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сауле Кисикова атап өтті.  

«Бұл жердегі мәселе біздің отандастырымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау туралы болып тұр, және біздің компаниямыз үшін медициналық мекемеге тез арада көмек көрсету өте маңызды. Біздің компания тапсырған жабдық дәрігерлерге олардың ізгі миссиясында көмектесетініне сенімдіміз»,– Денис Коломацкий, HyundaiAutoKazakhstan ЖШС директоры

Астанамыздың жұқпалы аурулар орталығында қазақстандық инфекционистер, пульмонологтар, реаниматологтар, компьютерлік, функционалдық диагностика дәрігерлері, жалпы есеппен 90 дәрігер науқас адамдардың өмірін сақтап қалу үшін күресуде. Жабдықты тапсыру күнінде госпиталь мамандары науқастарды жедел гемодиализге арналған жаңа аппараттарға қосты.