Қазақстанда алғашқы Chery Tiggo 7 Pro ресми автоәуесқойлар клубы құрылды
Алматыда қытайлық автомобиль бренді жанкүйерлеріне арналған автопикник өтті.
Chery Tiggo 7 Pro қазақстандық автоәуесқойлардың алғашқы ресми клубын құру туралы ақпаратты «Астана Моторс» құрамына кіретін First Motor Group дистрибьюторы ресми жариялады.
Клуб мүшелерінің кездесуі автопикник форматында Алматыдағы «Ариал» гольф-клубының аумағында өткен демалыс күндері өтті. Бұл басқосу пандемиялық шектеулер алынғаннан кейін ұйымдастырылған алғашқы кездесулердің бірі екенін атап өткіміз келеді. Қонақтарға жанды музыка, барбекю, балалар мен ересектерге арналған ойын-сауық бағдарламасы, сыйлықтар құрамында толық техникалық қызмет көрсету сертификаттары бар ұтыс ойыны ұсынылды. Расымен де, пікірлес адамдардың жиналып тиімді уақыт өткізуі үшін тағы не қажет болуы мүмкін?
Неліктен Chery Tiggo 7 Pro Қазақстандағы ең танымал модельге айналды?
Өткен жылдың қыркүйек айында «Астана Моторс» пен Chery Automobile Co., Ltd дистрибьюторлық келісімге қол қойған болатын. Chery кроссоверлері сатылымға өткен жылдың желтоқсан айында шықты. Ал Chery Tiggo 7 Pro моделі ең көп сатып алынған тауарлардың көшін бастады.
«Қазіргі уақытта бізде төрт модель ұсынылған – Tiggo 4, Tiggo 7 Pro, Tiggo 8 және Tiggo 8 Pro. Барлық автомобильдер саудада бар. Ең алдымен, біздің клиенттер Tiggo желісінің барлық тауарына тиесілі стильді дизайнды, қол жетімді бағасын атап өтеді, содан кейін өздерінің сұранысы мен қажеттілігіне қарай таңдау жасайды. Chery Tiggo 7 Pro – іші кең және клиренсі жоғары, жол талғамайтын сипаттағы жайлы қалалық автомобиль. Біздің жолдарда және қала сыртында өзін сенімді сезінеді. «Ақылды» электроникамен, инновациялық қауіпсіздік жүйелерімен және қуаты 147 а.к. 1.5-литрлік бензин турбомотормен жабдықталған. Бұл модельді әдетте отбасында екі-үш баласы бар адамдар таңдайды, олар біздің негізгі сатып алушыларымыз», - деді First Motor Group директоры Нұрлан Шамгонов.
Premium жиынтығындағы Chery Tiggo 7 Pro бағасы 12,4 млн теңгеден және Luxury жиынтығындағы модель 13 млн теңгеден басталады.
Жалпы алғанда Tiggo кроссоверлерінің басқа модельдерінің бағасы 8 млн теңгеден басталады. Толық ақпаратты Қазақстандағы Chery дилерлік орталықтарынан білуге болады. Бүгінгі таңда олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Қостанай, Орал және Шымкентте ашылған. Тағы үшеуі - Ақтөбе, Қарағанды және Ақтауда сәуір және мамыр айларында жұмысын бастайды. Дилерлік желі санын 17-ге дейін кеңейту және 2023 жылы Қазақстанның барлық өңірлерін қамту жоспарда бар.