Hyundai 2014 өңірлік маркетингтік семинар
27-28 қазанда Алматыда Hyundai 2014 өңірлік маркетингтік семинары болды.
Hyundai Motor Company бөлімдердің басшылары және дистрибьюторлар маркетингі бойынша менеджерлер Hyundai өңірлік маркетингтік семинарының белсенді қатысушылары болды. Оны Hyundai Motor Company бас кеңсесі және "Астана Моторс" ҚМК-ның құрамындағы Hyundai Auto Kazakhstan дистрибьютор ұйымдастырды. Екі күндік семинар ТМД және Батыс Еуропадан: Қазақстан, Ресей, Түркменстан, Сербия, Беларусь, Босния және Герцеговина, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекістан 10-нан астам қатысушы елдерді және Корейден НМС бас кеңсесін және Украина, Киев қаласынан өңірлік штаб-пәтерді жинады.
Қазақстан үшін маркетинг бойынша ауқымды өңірлік комитетті бірінші рет өткізу үлкен құрмет болды. Шараны ТМД және Батыс Еуропадағы НМС өкілдігінің басшысы Вэн У Со және "Астана Моторс" ҚМК бас директоры Мұрат Алтынбаевтың құттықтау сөзі ашты.
Семинардың мақсаты – автокөліктердің және Hyundai брендінің беделінің өсуі үшін дистрибьюторлық компаниялардың мамандарының маркетинг құралдары мен жарнаманы барынша тиімді пайдалану. Семинарда маркетингтің жаңа тенденцияларының мәні, НМС жаңа маркетингті стратегиялары ашылды және олардың тиімділігі мен нәтижелігі бағаланды.
Жаңа Hyundai Sonata бойынша 2014 жылда БАҚ-да сыртқы және баспа жарнамасының шолуы; жаңа ақпараттық – оқытушы платформалардың презентациясы; BTL-белсенділіктің нәтижелері және 2015 жылға жоспар; FIFA 2014 футболы бойынша Әлем чемпионатына демеушілік бойынша жетістіктер және 2016 жылға спорт маркетингінің жоспары, Euro 2016 футболы бойынша Еуропа чемпионаты; 2015 жылға дамудың маркетингтік жоспары және WRC ралли бойынша Әлем чемпионатына қатысу - Нyundai Motor Company халықаралық коммуникация бойынша департамент өкілдерінің презентацияларының негізгі тақырыптары.
Innocean жарнамалық - өндірістік компания аса маңызды тақырыпты баяндады - digital-маркетинг және мәтіндік жарнама бойынша тенденциялар, НМС мысалында сандық маркетингтік коммуникациялардың заманауи құралдарын пайдалану.
Қазақстан 2012 жылдан бастап 2014 жылы аралығында Modern Premium маркетингтік стартегияны енгізудің оң нәтижелерін, сонымен қатар осы бағдарламаның бұдан әрі дамуы бойынша жоспарларды ұсынды.
Әрбір елдің қатысушылары келесі бағыттар бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті:
Босния және Герцеговина - FIFA 2014 футбол бойынша Әлем чемпионаты, имплементті маркетингті кампания;
Беларусь – Әлеуметтік бағыттаушылық шаралары және диджитал-маркетинг;
Сербия – Диджитал-медиа коммуникациялар;
Әзербайжан –в Бакудегі Sonata жаңа үлгісінің өкірлік тест - драйві;
Ресей –2014 Мәскеу халықаралық авто салонындағы Hyundai бренді белсенділігінің нәтижелері.
Семинарлардың шеңберінде GDSI стандарттары бойынша құрылған Hyundai Premium Almaty жаңа дилерлік орталығына тур ұйымдастырылды. Жаңа авто орталықтардың ашылу сериясы Қазақстанда осы жазда Алматы, Астана және Қостанай қалаларында өтті. Әрбір жаңа шоурумдарда Hyundai барлық үлгі қатары ұсынылған. Соңғы 9 айда ҚР нарығында марканың сатылым көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26% өсті және 98025 автокөлікті құрады.
Ресми бөлімі аяқталғаннан кейін қатысушылар тобына мәдени құндылықтармен алмасу мүмкіндігі берілді. Hyundai Auto Kazakhstan дистрибьюторы қонақтарға Алманың басты көрікті жерлерін – Республика алаңын, Көк – Төбе тауындағы саябақ, Медеу биік таулы мұз айдыны және Шымбұлақ тау шаңғы кешенін көрсетті.
Семинардың қатысушылары тәжірибелермен алмасты және 2015 жылға НМС нәтижелері мен даму жоспарлары, корпоративті маркетингтің функциялары мен міндеттері, маркетингтік стратегияны таңдау факторлары туралы білді.
Hyundai Auto Kazakhstan барлық қатысушыларды белсенділік және шығармашылық атмосфера үшін алғыс білдіреді!