Отбасы Күнi – Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытындағы дәстүрлі Отбасы күні, зауыттың туған күніне орайластырылған

Hyundai отбасылық мерекесі қазақстандық стильде: автомобиль зауытының 3000-нан астам қызметкері және олардың туыстары дастарқан басында ашық аспан астына жиналып, «Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны Hyundai Trans Kazakhstan зауытының туған күнін атап өтті.

Отбасы Күнi – Алматыдағы Hyundai зауытындағы дәстүрлі Отбасы күні, зауыттың туған күніне орайластырылған.

Hyundai Trans Kazakhstan зауытының кәсіби отбасының құрамына Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келіп қосылған 1300-ден астам қызметкер кіреді, олар инженерлер, дәнекерлеушілер, химиктер, суретшілер, технологтар, конструкторлар және басқа да мамандар және олардың 754 баласы бар!

Өндіріс іске қосылған сәттен бастап 4 жыл ішінде Алматыдағы зауыт 150 мыңға жуық автокөлік шығарды, сондай-ақ 11 отбасылық жұп құрды.

Hyundai Trans Kazakhstan зауыты Hyundai-нің 10 моделін шығарады және бұл бренд - қазақстандық нарықтағы сатылым көшбасшысы. Aл бестселлер – Tucson, бұл модельдің шанағы дәнекерленіп, боялып, ұсақ түйінді әдіспен шығарылады. 2025 жылдың басында зауыт Santa Fe моделін ұсақ түйінді өндіріске ауыстырады.

Жақын арада Hyundai Trans Kazakhstan зауыты өндірісте «Астана Моторс» компаниясы технопаркінің алматылық кәсіпорындары шығаратын отандық автокомпоненттер - орындықтар мен мультимедиялық жүйелерді қолдана бастайды.

slider_323
slider_324
slider_325
slider_326
slider_327
slider_328
slider_329
slider_330
slider_331
slider_332
slider_333
slider_334
slider_335
slider_336
slider_337
slider_338
slider_339