Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы балалар ауруханасына жеміс бағын сыйлады.
Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы сенбі 21 мамырда экологиялық іс-шара өткізді. HAK қызметкерлері Алматыдағы Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының аумағына 100 түп алма мен алмұрт ағашынан тұратын бақ отырғызды.
Ағаш отырғызуға компания басшылығын қоса алғанда 60 адам қатысты.
«Бүгін біз жаңа балалар ауруханасының аумағына ағаш аллеясын отырғыздық. Соңында біз естелік картина жасадық: әркім картина бетіне алақандарының ізін қалдырып, ағаштарымыз өсіп, еліміз көрікті әрі бейбіт өмір сүруіне тілек білдірді», – деді Денис Коломацкий, «Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторының директоры
Бұл компанияның осындай алғашқы акциясы, бірақ соңғысы емес. Hyundai Auto Kazakhstan алдағы уақытта да көгалдандыру және экологияны жақсарту іс-шараларына қатысатын болады.
2020 жылы Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы жұқпалы ковид ауруханаларына көмек көрсеткенін, соның ішінде «MultiFiltrate жедел диализ жүйесі» (Германия) медициналық жабдығын сатып алуға 51 млн теңге бөліп, оны Нұр-Сұлтан қаласындағы қалалық фтизиопульмонология орталығына бергенін айта кету керек.