Chery болашаққа бағдар: жасыл қала және таза технологиялар
Өткен демалыста Алматының Алатау ауданындағы қарағай орманында жыл сайынғы экологиялық акция өтті. Акция мақсаты – қаланы көгалдандыру және табиғатқа қамқорлық ету мәдениетін қалыптастару. Іс-шараға Қазақстанда «Астана Моторс» ресми түрде ұсынатын Chery автокөлік бренді бастамашы болды.
Chery тұрақты даму принциптерін белсенді түрде қолдайды. Осы орайда, ESG корпоративтік бастамалары аясында компания серіктестермен бірге 21-ден астам елде, соның ішінде Қазақстанда экологиялық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын With Chery With Love (WCWL) платформасын құрды. Бұл бастамалар Chery компаниясының әлеуметтік-жауапты ұстанымын, сонымен бірге бренд өзі орналасқан елдерде экологиялық, әлеуметтік мәселелерді шешу жолындағы жаһандық және жергілікті деңгейде жүйелі тәсілін көрсетеді.
Іс-шараға жалпы саны 60-қа жуық адам, атап айтқанда Chery Kazakhstan дистрибуциясы мен дилерлік орталықтарының қызметкерлері, серіктестер, сонымен бірге шақырылған журналистер мен инфлюенсерлер қатысты. Қатысушылар санаулы уақыт ішінде 50 түп ұсақ жапырақты қарағаш отырғызды. Бұл тұқым Алматының климатына төзімді және күтіпді қажет етпейді, көктем кезінде жақсы бейімделіп кетеді. Жасыл алаңның жалпы ауданы шамамен 250 шаршы метрді құрады.
Қарағай орман алқабы бүгінгі таңда ерекше күтім мен көгалдандыруды қажет етеді. Жұмыс басталар алдында қатысушылар нұсқаулықтан өтіп, барлық қажетті құрал-саймандарды алды. Өткен жылғы акция аясында «Chery Kazakhstan» Мәметова көшесінің бойындағы №90 мектеп-лицейінің жанына 30 түп ағаш отырғызылды. Биыл шараның ауқымы кеңейіп, ниет білдіргендердің саны да көбейді.
Экологияға қатысты күн тәртібінде Chery қоршаған ортаға аз әсер ететін автокөліктерге арналған заманауи технологияларға да қадам жасауда. Қазірдің өзінде 2025 жылы бренд Қазақстан нарығына жаңа гибридті модельдерді әкелуді жоспарлап отыр. Олардың қатарында Tiggo 4 HEV, Tiggo 7 PHEV, Tiggo 8 PHEV, Tiggo 9 PHEV және Arrizo 8 PHEV көліктері бар. Барлық көліктер іштен жану қозғалтқышы мен электр қозғалтқышы бірлесіп немесе бөлек жұмыс істей алатын параллельді гибридті жүйемен жабдықталған. HEV және PHEV технологиялары газ бөлінуі мен отын шығынын айтарлықтай азайтады. Осылайша Chery қазақстандықтар үшін экологиялық таза көлікті қолжетімді етіп, сол арқылы еліміздің жасыл әрі сенімді болашағын қалыптастыруға үлес қосуды жоспарлап отыр.