Жаңартылған Chery Tiggo 7 мерейтойлық сатылымның басты қаһарманы болып, Шарын сынағына өтті
Astana Motors құрамына кіретін Chery Kazakhstan дистрибуциясы Қазақстан нарығында 40 мыңыншы автокөлікті сатуын атап өтті. Chery Tiggo 7 рестайлинг нұсқасы мерейтойлық автокөлік болды. Сонымен қатар, дәл осы модель брендтің әлемдік нарықта сатқан 5 миллионыншы көлік құралы болды, бұл Қытай автоконцернінің шетелде таралуын кеңейтудегі маңызды кезеңі болып табылады.

Жаңартылған Chery Tiggo 7 Фотосурет: Astana Motors
Кілттерді тапсыру және оның бақытты иесіне кроссовер беру салтанатты рәсімі 2025 жылдың 28 шілдесінде Алматыдағы Al-Farabi көшбасшылық дилерлік орталығында өтті.
«Бұл бренд үшін тарихи сәт. Бұл сәт Қазақстан нарығындағы, сондай-ақ жаһандық деңгейдегі оның мықты позицияларын көрсетіп, халықаралық табысқа жететінін растайды. Біз өз клиенттеріміздің сенімін мақтан тұтамыз, олардың саны артып келеді. Ал бұл озық технологиялар мен заманауи инженерлік шешімдерді пайдалана отырып, модельдік қатарды үнемі жетілдіріп, кеңейтіп отыратын бренд танымалдылығының ең үздік көрсеткіші», – деп түсіндірді Chery Kazakhstan дистрибуция директоры Нұрлан Шамгонов.

Жаңартылған Chery Tiggo 7 кілттерін беру. Фотосурет: Astana Motors
Мерейтойлық сатылымдарды атап өтіп, Chery келесі күні бүкіл әлем бойынша өз клиенттерін тағы бір жаңалықпен қуантты. 2025 жылы 29 шілдеде Мексикада CSH (Chery Super Hybrid) қауіпсіздік сынағы өтіп, онда автокөлік түбінің болат қорғанысының беріктігі бағаланды. Chery супергибридінің, жаңа гибридті платформаның тұсаукесері осы жылдың көктемінде Шанхайдағы халықаралық автомобиль көрмесінде өткенін ескеріп кеткен жөн.

Шарын шатқалында өткен жаңартылған Chery Tiggo 7 тест-драйвы Фотосурет: Astana Motors
Ал Қазақстандағы дистрибуция Chery Tiggo 7 жаңартылған моделінің жайлылығын, жүріс сапасын, функционалдығын тексеру үшін блогерлерден, инфлюенсерлерден және бренд клиенттерінен тұратын команданы Шарын шатқалына жіберіп, модельді тестіден өткізуге шешім қабылдады. Олар көрікті табиғат түпкірінің зерттелмеген жағына барды.
Жалпы алғанда, қатысушылар 500 шақырымнан астам жол жүрді. Олар Темірлік шатқалында және ерекше «Таба» и «Балкон» атауы бар тылсым ландшафттарда жаңа автокөлікті сынақтан өткізу кезінде нағыз драйвты сезініп, таңғаларлық жерлердегі табиғаттың ұлылығын толық тамашалай алды. Тур – белгілі блогер Дияс Уәлихан әзірлеген авторлық тур болды және ол өзі бірнеше жаңа автокөліктердің тізбегін басқарды.

Автокөлік блогері Дияс Уәлихан. Фотосурет: Astana Motors
«Бұл бағыт маған жақсы таныс, тест-драйв үшін өте қолайлы. Автокөлік тасжолда да, жолсыз жерде де тексеруден өтеді. Шарын – қиыршықтасты қара жол, көптеген тік еңістер мен өрлер бар, оларды еңсеру оңай емес. Біз төмен ылдиға түсуде көмек көрсету жүйесін, жүргізу режимдерін, салондағы ауаны тазарту жүйесінің жұмысын тексердік, өйткені кей жерлерде шаң басып кетті. Жаңа Tiggo 7 керемет жүріп өтті», – деп атап өтті автоблогер Дияс Уәлихан.
Chery Tiggo 7 кроссоверінің сырт келбеті жүргізілген жаңартудан кейін едәуір өзгерді. Бұл алдыңғы нұсқаларға қарағанда зор көрінеді. Жаңа бамперлердің арқасында оның ұзындығы 4553 мм дейін, ені 1862 мм дейін ұзарды, ал биіктігі 1696 мм дейін қысқарды. Жаңа Diamond Matrix алдыңғы ромб тәрізді торы футуристік 3D матрица түрінде жасалған. Төбесінің шанақтың артқы тірегіне қарай бірқалыпты жылжуына байланысты «қалқымалы» төбе әсері пайда болды. Артқы жағында LED-шамдарды біріктіретін жарық жолағы пайда болды. Мұның бәрі қалалық кроссоверге қосымша серпін берді. Ал Tiggo 7 жаңа дизайнымен және коррозияға қарсы қасиеттерімен ерекшеленетін екі түсті 18 және 19 дюймдік дискілерді алды.
Интерьер де жаңартылды. Алдыңғы жағында сенсорлық блок пайда болды. Ол навигацияны, параметрлерді және мультимедианы басқаруға мүмкіндік беретін 12.3 дюймдік экрандарды біріктірді. Нақты батырмалары тек орталық консольде қалды. Сондай-ақ 540 градустық HD камералары бар айнала шолу жүйесі, екі аймақтық климаттық бақылау, премиум аудио жүйесі, сымсыз зарядтау, AppleCar/Android Auto қолдауы бар. Ақылды дауыстық көмекші цифрлық басқарудың барлық мүмкіндіктерін жолдан алаңдамай пайдалануға көмектеседі.

Шарын шатқалындағы тест-драйвқа қатысушы. Фотосурет: Astana Motors
«Мұндағы орындықтар өте ыңғайлы. Рульде бірнеше жүз шақырым жүргеннен кейін де, шаршаған жоқпын. Орындығы эргономикалық, электр жетегі бар, арқаны ұстап тұру үшін бел тірегі реттеледі. Тіпті жолсыз жерде де ыңғайлы. Салонда бос орын өте көп. Бұл санатты автокөлікте отырғандай сезінесің», – дейді блогер Малика Жексенбина.
Сондай-ақ орындықтарды, рульді, әйнектерді жылыту жүйесі, кілтсіз кіру мүмкіндігі бар. Сыйымдылығы 1500 литрге дейін, автоматты түрде ашылатын кең жүксалғыш үлкен заттарды тасымалдауға ыңғайлы. Саяхат пен ұзақ сапарларда бұл үлкен артықшылық. Люгі бар панорамалық төбесінің болуы шексіз аспанды, таулардың ұлылығын және қоршаған табиғаттың сұлулығын тамашалауға мүмкіндік береді, оны Шарын шатқалын аралаған тест-драйвқа қатысушылар ерекше бағалады. Жолда олар таңғажайып күннің батуын тамашалап, есте қалу үшін керемет суреттер түсірді.

Chery командасы Шарын шатқалындағы жаңа Tiggo 7 тест-драйвы кезінде. Фотосурет: Astana Motors
Рестайлингтен кейін Tiggo 7 кроссоверінің техникалық тұрғыдан өзгермегенін айта кету керек. Бұрынғыдай уақытпен тексерілген 7-сатылы DCT роботтандырылған беріліс қорабымен жұптастырылған, қуаты 150 а.к., 1,6 литрлік турбоқозғалтқышпен жабдықталды. Модель алдыңғы жетекті (Prime FWD нұсқасында) және толық (Ultimate AWD нұсқасында) қолжетімді.
Ресми дилерлер жаңа Tiggo 7-ге бес жыл немесе қайсысы бұрын келетініне байланысты 150 000 км жүріске кепілдік береді. Автокөлік 13 490 00 теңгеден басталады және барлық Chery дилерлік орталықтарында қолжетімді. Қазіргі уақытта еліміздің 17 қаласында 26 орталық жұмыс істейді.
Шарын шатқалында өткен жаңартылған Chery Tiggo 7 тест-драйвы Фотосурет: Astana Motors
Қазақстанның автокөлік нарығында Chery 2021 жылдан бастап ең көп сатылатын Қытай брендіне айналғанын естеріңізге саламыз. Ал 2025 жылдың шілдесінде Astana Motors брендтің Чехиядағы ресми дистрибьюторы болып таңдалды. Бұл еуропалық елде сатылым күзде бензин және гибридті (PHEV) қозғалтқыштары бар нұсқадағы Chery Tiggo 7 және Chery Tiggo 8 кроссоверлерінен басталады.