ҚАЗАҚСТАНҒА CHERY КӨЛІКТЕРІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ КЕЛДІ

10 желтоқсаннан бастап Қытайдың көлік саласындағы жетекші бренді Chery Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы дилерлік орталықтарда сатылымға шығады.

"Астана Моторс" компаниясының құрамына кіретін First Motor Group ресми дистрибьюторы алдын ала тапсырыстар қабылдауды бастады. Қазақстанға Уху қаласында (Қытай, Аньхой провинциясы) орналасқан Chery зауытынан шыққан - Tiggo 4, Tiggo 7 Pro, Tiggo 8 және Tiggo 8 Pro премиум кроссоверлері әкелінеді.

Chery Automobile - өндірісте революциялық даму жолынан өткен ең ірі қытайлық автомобиль концерні. 20 жыл бойы компания ғылым, технология және инновацияға инвестиция салып келеді. Chery Automobile командасы оннан астам елдің автокөлік саласындағы көшбасшы компанияларында жұмыс істеген 5500 зерттеуші мен көлік жасаушыдан құралған.  

Chery 80-нен астам елде танымал және инновациялық өнімдері, жаңаша дизайнерлік шешімдері үшін бірқатар халықаралық марапаттарға ие болды, сондай-ақ Қытай автомобиль өнеркәсібінің флагманына айналды. Chery - ресейлік нарықтағы ең танымал қытайлық автокөлік бренді, мұнда тұтынушылардың брендке деген адалдығы жоғары. Мысалы, 2019 -2020 жылдар аяғында Chery көлігін алған әрбір бесінші адамның бұрынғы көлігі дәл осы марка болған. 2021 жылдың қаңтар-қазан аралығында Chery-дің Ресейдегі сатылымы 266%-ға өскен.  

«Біз бүкіл әлем бойынша 9,8 миллион тұтынушының сеніміне ие болдық және шетелдік нарықта айтарлықтай табысқа жеттік. Chery көліктері бұл жетістікке Қазақстанда да қол жеткізе алады деп ойлаймын. Біз Қазақстан халқына Chery брендінің ең жақсы өнімдерін ұсынамыз, өйткені Қазақстан әлемдік нарықтағы Chery үшін маңызды елдердің бірі болып табылады», - деді құттықтау сөзінде Chery International вице-президенті Жу Шандон мырза.

«Біз Chery брендінің сенімділігіне және Chery Automobile-мен ынтымақтастықтың жоғары әлеуетіне сенімдіміз. Біз үшін бұл ұзақ мерзімді жоба, оны дамытуға барлық білімімізді, тәжірибеміз бен ресурстарымызды салуға ниеттіміз», - деді өз кезегінде «Астана Моторс» компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев.

Сондай-ақ ол жаңаша даму стратегиясы арқылы Қытай Халық Республикасы соңғы жылдары технологияда серпіліс жасап, әлемдік жетекші брендтермен бәсекеге қабілетті бола түскенін атап өтті.

«Бүкіл әлем бойынша тұтынушылардың сеніміне кірген қытайлық компаниялар сатылым рейтингінде жетекші орындарға ие бола отырып, нарықтарды жаулап алуда. Әсіресе қазіргідей әлемдік автоөнеркәсіптегі дағдарыс жағдайында біздің Chery-мен ынтымақтастығымыз қазақстандықтар үшін жаңа, сапалы, жоғары технологиялық көліктерді әкелудің нақты мүмкіндігі болып табылады», - деді Бекнұр Несіпбаев.

18 жыл қатарынан Chery қытайлық брендтер арасында жеңіл көлік экспортының көшбасшысы. 2021 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында компания 200 мыңнан астам көлік экспорттаған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 145,7%-ға артық. Осы жылдың қаңтар-қазан айларында барлығы 739 мың 730 автокөлік сатылған, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,3%-ға артық.

Chery көлігін жасаушылар соңғы технологияларды қолданады, қауіпсіздіктің жоғары деңгейін, автокөліктердің жайлылығын қамтамасыз етеді және оларды әлемдік автомобиль өндірушілерінің жабдықтарымен жабдықтайды. Chery-дің модельдік легі үнемі жаңартылып, жетілдіріліп отырады.

Қазақстандағы барлық жаңа модельдерге өндірушінің– 5 жыл немесе 150 мың шақырым кепілдігі бар.

Дистрибьютордың жоспары бойынша, 2022 жылы Қазақстандағы Chery дилерлік желісі 9 автоорталыққа, ал 2023 жылы олардың саны 17-ге дейін артады және Chery автокөліктері Қазақстан бойынша барлық дилерлік орталықтарда ұсынылады. Бүгінгі таңда компанияда 120-дан астам жұмыс орны құрылды, дилерлік желіні дамыту арқылы жұмыс орындарының саны 500-ге дейін ұлғайады.


 

Ақпараттық анықтама

Chery Automobile Co., Ltd - 1997 жылы құрылған қытайлық автомобиль өндіруші компаниясы. Chery қытай тілінен аударғанда «ерекше бата» дегенді білдіреді. Chery брендінің ұраны – «FunandDrive». Бренд құндылықтары - Сенімділік, Cән, Технологиялық. Бүгінгі таңда Chery Automobile - Қытайдағы №1 автомобиль өндірушісі, бүкіл әлем бойынша 6 автомобиль зауыты мен 11 құрастыру зауыты, ғылыми зерттеулері үшін зертханалары мен бүкіл әлем бойынша бес ғылыми-зерттеу базасы бар.

«Астана Моторс» - 1992 жылы құрылған Қазақстанда автокөліктерді сату, қызмет көрсету және шығару саласында жұмыс істейтін алғашқы компания. «Астана Моторс» құрамына 13 автомобиль бренді кіреді. «Астана Моторс» – Hyundai жеңіл автокөлік және коммерциялық техникасының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы, Subaru-дың Қазақстандағы ресми дистрибьюторы, BMW, MINI, Motorrad-тың Қазақстандағы эксклюзивті импорттаушысы, Haval-дың Қазақстандағы ресми дистрибьюторы, Golden Dragon маркалы жолаушылар көлігін жасау және сату жөніндегі Қазақстандағы ресми дистрибьютор, Toyota брендінің Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы ресми дилері, Lexus брендінің Нұр-Сұлтан қаласындағы ресми дилері, Land Rover және Jaguar брендтерінің Алматы қаласындағы ресми дилері, Volvo брендінің Алматы қаласындағы ресми дилері. Астана Моторстың 30 жеке дилері, коммерциялық техника шығаратын Hyundai Trans Almaty және жеңіл автокөліктер шығаратын Hyundai Trans Kazakhstan зауыттары бар.

 

Қазақстандағы Chery жаңалықтары: