ҮШ АЙДА 264 ПӘТЕР: НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ ОРАЛДЫҚТАРҒА КӨМЕКТЕСІП ЖАТЫР

Биыл мамыр айында Нұрлан Смағұлов қоры көктемгі су тасқынынан зардап шеккен оралдықтарға қыркүйек айына дейін 264 пәтерді сатып алуға және меншікке беруге уәде берді. Әйтсе де үйлестірілген жұмыстың арқасында барлық уәде етілген пәтерлер берілді. Соңғы кілтті табыстау салтанаты 1 тамызда өтті. Оралдықтарға пәтерлер тұруға дайын қалпында берілді.


Алғашқы пәтерлерді маусым айында бере бастадық. Қор директоры Айдын Сұлтановтың айтуынша, компания барлық 264 пәтердегі әрлеу жұмыстарының аяқталуын күтпеуге шешім қабылдаған және пәтерлердің дайын болуына қарай кілттерді мұқтаж адамдарға беріп отырған – бірінші кезекте осы уақыт ішінде эвакуациялық бекеттерде тұруға мәжбүр адамдар болды. 


«Біз «Виктория-2» саяжай бірлестігінде он жылдан астам уақыт тұрдық. Биыл бізді тасқын су басып кетті. Осы кезде дейін жалдамалы пәтерде тұрдық, ал бір жарым ай бұрын бізге осы жаққа көшетінімізді айтқан. Бұл күнді асыға күттік. Қазір бізге пәтерлерімізді табыстап жатыр, біз осы іске қатысқан барлығыңызға – Смағұлов қорына, облыс әкіміне және мемлекет басшысына алғысымызды білдіреміз... Бұл  пәтерде үлкен отбасыммен: мен, әйелім, үлкен ұлым және оның отбасымен өмір сүретін боламыз, әзірге алты адамбыз», — деді Еркін Камусинов.
Кейінгі пәтерлер су тасқынынан кейін үлкен отбасымен жалдамалы үйде тұруға мәжбүр болған отбасылардың арасында бөлінді. Қорға пәтер алатын отбасылардың тізімін әкімдік ұсынды.


«Біз барлық пәтерлерді мәлімделген мерзімінен бұрын табыстай алдық. Пәтерлердің сатып алынуын, жөнделуін біз өзіміз бақыладық, өзім қатыстық, бағаладық (…) Барлық зардап шеккен отбасылар қыркүйек айының басында қоныстанады деп жоспарланған болатын, бірақ 1 тамыздың өзінде біз қалған 122 пәтердің кілттін бердік. Біз өз тарапымыздан бұл үшін бар күш-жігерімізді салдық », — деді Нұрлан Смағұлов қорының өкілі Мереке Сұрағанов.
Пәтерлерді сатып алуға Қор 5,6 млрд теңге бөлген болатын.