Toyota Camry 70 көлігінің тұсаукесері
"Астана Моторс" компаниясы су жаңа – Toyota Camry 70 бизнес-седанның сатылымы жайлы жариялайды. Toyota Center Astana және Toyota Center Almaty дилерлік орталықтарында Қазақстан нарығында көптен күткен көліктің тұсаукесері өтті.
Сегізінші буынға жататын Toyota Camry көлігі дизайн, эргономика, басқару және қауіпсіздік салаларындағы жаңа стандарттарды орнатты. Тартымды сыртқы пішін, ерекше интерьер, инновациялық архитектуралық платформа, тамаша басқарылу, осы санаттағы көліктер арасындағы ең кең әрі тыныш салон, сондай-ақ қауіпсіздіктің жаңа деңгейі, Direct Shift-8AT сегментінде және жалпы жаңа қозғалтқыш – бұл жаңа Camry 70.
Мінсіз көліктерді жасау мақсатында Toyota инженерлері жобалаудың жаңа әдісі – TNGA (Toyota New Global Architecture) жаһандық модульдік архитектурасын жасап шығарды. Оның идеясы – көлік жүргізу барысында ерекше рахат сыйлайтын көрнекті, бірегей автомобильдерді жасау.
Жаңа GA-K платформасы шанақты кең әрі төменірек жасауға көмектесіп, көлік қаттылығын 30% арттырып, сонымен қатар оның аэродинамикалық қасиеттерін жақсарта түсті. Автомобиль биіктігі 25 мм кеміп, капоттың ең биік нүктесі 40 мм төмендеді.
Camry 70 көлігінің диаметрі 16 және 17 дюймді дөңгелектері, сондай-ақ жылтыр 18-дюймді жеңіл қоспалы дөңгелектері бар. Шанақ бояуының үш түрі ұсынылған: Midnight Emerald Blue (көк), Platinum White Pearl Metallic (седеп эффектісі бар ақ металлик) және Graphite Metallic (қарақошқыл металлик).
Жаңа Camry 70 салонында бұрынғы буындарға тиесілі ешбір бөлшекті таппайсыз. Мұнда жаңа текстуралар мен жоғары сапалы материалдар қолданылған. Сатып алушыларға екі: Beige және Black түстері ұсынылмақ. Сонымен қатар Tiger Eye өрнегімен әрленген салон да қолжетімді.
Көлік үш ыңғайлы дисплейге ие: диагоналі 10 дюймді түрлі-түсті проекциялық дисплей, жеті дюймді көпфункционалды ақпараттық дисплей, орталық консоль үстінде орналасқан Go навигациясымен қамтамасыз етілген сегіз дюймді Toyota Touch® 2 мультимедилық жүйесі. Toyota Touch® 2 Go жүйесі 22 тілге аударылып, Wi-Fi технологиясын қолданады. Яғни, көлік ішінде онлайн қызметтерге смартфон арқылы қосылуға болады. Нақты картографиялық ақпаратпен қамтамасыз етілген навигациялық жүйе қалалардың үш өлшемді үлгілерін, жолдағы жағдайды, апаттық қызметтерді шақыру мүмкіндіктерін көрсетіп отырады.
Автомобильдің бастапқы бағасы 8 970 000 теңгеден, ал ең танымал көлемі 2,5 л қозғалтқышты көліктің бағасы 10 240 000 теңгеден басталады.