«АСТАНА МОТОРС» МАШИНА ҚҰРАСТЫРУ КӘСІПОРНЫНДА СЕРВИС-ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

"Астана Моторс" ҚМК құрамына кіретін Hyundai Trans Auto машина құрастыру кәсіпорнында сервис-орталығының ресми ашылуы өтті. Сервис-орталығының негізгі бағыты – жүк және жолаушы техникасын кәсіби жөндеу мен техникалық қызмет көрсету.

Сервис-орталығында бір уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізуге болатындай 3 орын ашылды. Экскурсия барысында көрсетілгендей, машина құрастыру кәсіпорнында дайындықтан өткен қызметкерлер, зор тәжірибе мен Hyundai Motor Company (HMC) ұсынып отырған қажетті құрал-жабдықтардың барлығы бар.

Техникалық қызмет, соның ішінде қозғалтқыштарға қызмет көрсету; оларды жөндеу, диагностика өткізу және ауыстыру; БАҚ (беріліс ауыстыру қорабын) және ажыратқышты орнату; кабиналарды ауыстыру; электр жабдықтары мен сымдар жүйесін жөндеу мен алмастыру; техникалық көмек; жүк көліктерінің дөңгелектерін ауыстыру және көптеген басқа да қызмет түрлерінен бөлек, мұнда арнайы техниканы жөндеу, оған қызмет көрсету, сондай-ақ қосымша құрал-жабдықтарды орнату бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Hyundai Motor Company өкілдері сервис-орталығының ашылу рәсіміне қатысқандарына қуанышты екендерін жеткізді. Олар компанияның қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, ары қарай жетістіктерге жете беруді тіледі.

Еске салсақ, Hyundai Trans Auto зауыты Hyundai және МАЗ маркалы жүк пен жолаушы техникасына (автобустар) кәсіби түрде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, техникалық қызмет көрсетеді. Мұнда Hyundai және МАЗ көліктері жөнделіп, жоспарлы техникалық тексеруден өтіп, сондай-ақ қосымша құрал-жабдықтарды орнатуға тапсырыс беруге болады.

Толық ақпарат мына сайтта: www.maz-motors.kz және www.hyundai-hta.kz