Мінсіз көлік: жаңа TANK 700 Қазақстанда

TANK 700 моделінің жаңа нұсқасы Қазақстанда 2025 жылдың сәуір айының соңында сатылымға шығып, премиум санатындағы жол талғамайтын көліктер сегментін кеңейтті. «Астана Моторс» құрамындағы брендтің ресми дистрибьюторы ұсынған Platinum Ultra Қазақстанның автокөлік нарығында нағыз серпіліс әкелетініне күмән жоқ. Жаңа өнім озық технологияларды, қатал дизайнды, сән мен жол талғамайтын қабілеттерді біріктіре отыра, Limited Edition шектеулі шығарылым нұсқасына қарағанда арзан бағада қол жетімді.

Platinum Ultra жинақтамасындағы TANK 700 артықшылықтары

Жаңа флагмандық TANK 700 ең талапшыл клиенттердің көңілінен шығары сөзсіз. Техникалық сипаттамалары мен жабдықталуы бойынша TANK 700 Platinum Ultra әлемдік жетекші брендтермен пара-пар деңгейді көрсетеді. Автокөліктің өлшемі таңқалдырарлық: ұзындығы – 5090мм, ені – 2061мм, биіктігі - 1952мм. 22 дюймдік дөңгелектер көліктің айбарлы сұсын айшықтай түседі. Лазерлік фаралар айтарлықтай жоғары жарық диапазонына ие.

Platinum Ultra жинақтамасындағы TANK 700 қуаты 517 а.к. және айналу моменті 800 Нм дейін жететін Hi4-T гибридті технологиясымен жабдықталған. Бұндай қуатты агрегат еуропалық бренд флагмандарының өзінде сирек кездеседі. Қуат қондырғысы параллельді схема бойынша жасақталған, яғни классикалық бензин қозғалтқышымен қоса электр қозғалтқышы да жұмыс істейді. Тек электр қуатының өзімен 100 км қашықтыққа дейін жүруге болады, ал қуат таусылса қозғалысты бензин моторы арқылы жалғастыра беруге болады. Аккумуляторды сыртқы қуат көзінен, сонымен бірге қозғалыс және тежеу ​​кезінде қозғалтқыштан қуаттауға болады.

Аралас циклде отын шығыны небәрі 2,97л/100 км (үдеу уақыты 5,9 секундта 100 км/сағ,) құрайды. Бұл көрсеткіштер TANK 700-ді әлемдегі ең үздік гибридті жол талғамайтын көліктердің қатарына қосады.

205-тен 325 мм-ге дейінгі клиренсі бар пневматикалық аспа мен үш дифференциалды бұғаттаманың арқасында ең қиын жерлер мен қара жолдарды, тіпті суды да кешіп өте алады. Көліктің ажыратылатын стабилизаторы 90 см-ге дейінгі судан кешу өту мүмкіндігін береді. Мұндай функциялар осы санаттағы автокөліктерде жиі кездесе бермейді. Өз кезегінде бұл артықшылықтар көліктің жол талғамайтын бейімдігін артыра түседі.

Бизнес-класс деңгейіндегі салтанат пен технология

Флагмандық автокөліктің салонында тек жоғары сапалы материалдар, оның ішінде табиғи Nappa былғарысы қолданылады. Массаж, жылыту және желдету функциялары бар эргономикалық орындықтар кез-келген ауа-райы кезінде жанға жайлы жағдай жасайды. Инженерлер мен конструкторлар жүргізушінің ғана емес, сонымен бірге екінші қатардағы жолаушылардың да жағдайын ойластырған. Жеке жүргізушімен саяхаттағысы келетіндер үшін жабдықталуы ең үздік әуекомпаниялардың бизнес-класымен тең келер жайлы кеңістік қарастырылған.

Көліктің іші дыбыстан күшейтіліп оқшауланған. 16 динамигі бар премиум Harman/Kardon аудиожүйесі концерт залының атмосферасын береді. Шудан оқшауланған интерьер мен қос қабатты әйнектер салон ішін ең шулы көше жолдарында тыныштықпты қамтамасыз етеді. Ал жылжымалы табылдырық, люк және артқы терезелердегі электр перделер TANK 700 салон ішінде ерекше жайлылық сыйлайды.

Platinum Ultra жол талғамайтын көлігінің тағы бір артықшылықтары қатарында қуаты 3,3 кВт-қа дейін жететін 220V кіріктірелген розетка бар (сыйымдылығы 37,1 кВт/сағ құрайтын аккумулятордың арқасында). Бұл арқылы автокөлікті кез-келген құрылғыларды қуаттауға арналған жылжымалы қуат көзі ретінде пайдалануға болады. Өз кезегінде бұл артықшылықтар кемпинг немесе далада жұмыс істеуге тамаша мүмкіндік береді.

Арнайы сатып алу шарттары мен кепілдіктер

TANK 700 Platinum Ultra көлігіне 7 жылдық және батареяға 8 жыл кепілдік беріледі. Бұл оны көптеген бәсекелестерден ерекшелейді. Жаңа флагман көпшілікті таң қалдырары сөзсіз. Қазірдің өзінде жаңа көлік Қазақстанның ірі қалаларында - Алматы, Астана, Шымкент, Қостанай, Өскемен және Ақтөбеде орналасқан дилерлік орталықтарда қолжетімді. Бағасы 50 000 000 теңге.

Клиенттерге жеке консультация, тест-драйв жүргізу мүмкіндігі және арнайы шарттармен TANK 700 сатып алу ұсыныстары қарастырылған. Толық ақпаратты 7007 телефоны бойынша байланыс орталығынан, сонымен қатар TANK брендінің веб-сайты немесе ресми дилерлерге хабарласу арқылы білуге ​​болады.